ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 200 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Уақыты: 20.09.2023
Оқылды: 610
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында жыл басынан бері есірткі қылмысының 132 фактісі тіркелген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Заңсыз айналымнан героин, марихуана және гашиш сияқты 200 келіден астам есірткінің әр түрлері тәркіленді.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі есірткіні заңсыз тарату ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді. Оларды жасағаны үшін жаза ҚР ҚК-нің 297-бабының 1,2,3,4-бөліктерінде көзделген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдіктілерге 5 жылдан 10 жылға дейін, 10 жылдан 15 жылға дейін, сондай-ақ 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Фото: көрнекілікке алынды