Жетісу облысында есірткі зертханасының жолы кесілді

Уақыты: 08.12.2023
Оқылды: 867
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Облыс аумағында екі азамат алдын ала сөз байласу арқылы, мефедрон психотроптық затын дайындау жөніндегі зертхананы іске қосып, сондай-ақ аса ірі мөлшерде (23кг.) психотроптық затты өткізу мақсатында тасымалдауды және сақтауды жүзеге асырған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында олар есірткі затын дайындауға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған үй сатып алған.

Сот үкімімен екі есірткі сатушы да кінәлі деп танылып,әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша).

«Есірткі сату және тарату халықтың денсаулығына қарсы қылмыс болып табылатынын атап өту керек.Облыс прокуратурасы біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарға есірткі өткізу аса ауыр қылмыс және одан түскен «жеңіл ақша» үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді», - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Фото: caravan.kz