Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясы бұрынғы бастығына қатысты сот отырысы басталды

Уақыты: 29.02.2024
Оқылды: 460
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды.

Процесс жабық өтіп жатқаны айтылады. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.

Фото: Today