Әділеттіліктің басты шарты

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 378
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс» деген болатын. Мемлекет басшысының заңның үстемдігін белгілеу және заң нормалары сақталатын әділетті қоғам құру ісіне  бір кісідей атсалысып, қолдауымыз керек. 


 «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуды жақтаймын, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдаймын» деген Мемлекет басшысының тұжырымы,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, зорлық-зомбылықты болдырмауға міндет жүктеді.

Бұл заңдар отбасы институтын нығайтуды және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін қылмыстардың алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасын қолдау орталықтарын құруға, отбасы мәселелері бойынша «111» байланыс орталығының жұмыс істеуіне, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың жүруіне септігін тигізеді. Жалпы, Заңның негізгі мақсаты жазалаушы емес, алдын алу сипатына ие. Нәтиже үшін емес, себептің алдын алуға күресіп, еліміздегі қылмыстың санын азайту мақсатында атқарылған жұмыс қашанда өз нәтижесін берері анық. Заңға енгізілген түзетулер балалардың құқықтық санасын қалыптастыруға арналады. 

Нұрай МЫРЗАБЕКОВА,
Жетісу облысы әкімі аппаратының 
ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс 
бөлімінің бас инспекторы