"36 жасында алғаш­қы ғылыми атағын қорғаған». Қазақ этнографиясын алғаш зерттеген ғалым кім ?

Уақыты: 22.06.2023
Оқылды: 1116
Бөлім: ТҮПСАНА

Қазақ этнографиясын алғашқылардың бірі болып зерттеген – 36 жасында-ақ  алғаш­қы ғылыми атағын қорғаған Халел Арғынбаев.

Арғынбаев Қазақстандағы этнографтар мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор атақтарының иегері болған. 

Ол Алаш ар­дақ­тысы Жүсіпбек Айма­уытұлы­ның елі – Әулиелі Қызылтауда дү­­ние­ге келген. Тірісінде этногра­фия са­ласының көшбасшы ғалымы ата­нып, соңына елеу­лі зерттеу ең­бектерін қалдырды.

«Қазақ этнография ғылымы Халекеңнен басталады. Халекең үлкен кітап түгілі, әр мақаласына барынша жауапты қарайтын, ғылымдағы асығыстыққа қарсы адам еді. Ол жағынан Халекеңді ғылымдағы академиялық дәстүрдің өкілі деп толығымен атауға болады. Біз кандидаттық диссертациямызды отызға жетер-жетпесте асығып қор­ғап жатқанымызда, ол кісі өзі­нің 36 жасында алғаш­қы ғылыми атағын қорғаған», деп жазған белгілі ғалым Жамбыл Артықбаев.

Сондай-ақ ғалым Халел Арғынбаевты Ш.Уәлиханов­­­тың, оның досы Н.Потаниннің жо­­лын жалғастырушы деп айтуға болатынын айтты. 

Материал: «Egemen Qazaqstan» газетінен алынды