ЖЕТІСУЛЫҚ ЖАС ҚАЛАМГЕРГЕ ПРЕЗИДЕНТ ЫҚЫЛАС БІЛДІРДІ

Уақыты: 16.01.2023
Оқылды: 3595
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

  Жас қаламгер Жәмила Өнербаеваның  «Бәйшешек»  атты кітабын  оқып шыққан  ҚР  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ыстық ықыласын айтып, жас талантқа қолдау білдірді.

Арнайы жолданған хатта:
«Құрметті Жәмила Бахтиярқызы! Маған жолдаған кітабыңызды алдым. Ізгі тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Алғашқы туындыңыздың жарыққа шығуымен құттықтаймын. «Бәйшешек» қалың оқырманның жүрегіне жетсін! Қаламыңыз ұштала берсін! Сізге шығармашылық табыс тілеймін!» – депті шынайы ықылас танытқан Мемлекет басшысы.
Ұлттық әдебиеттің озық үлгілерін назарда ұстайтын Президенттің әрбір шығармаға ерекше көңіл бөлетіні осыдан білінеді.
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында мектеп бітіріп, үлкен өмір жолына қадам басқан, Жәмила Бахтиярқызына облыстық «Jetіsý» газетінің ұжымы да шығармашылық табыс тілеп, ниеттестігін білдіреді.

«Jetіsý»-ақпарат