Марғұлан Сейсембаев: "Өмірді өзгерту үшін, алдымен әдетті өзгерту керек"

Уақыты: 24.05.2023
Оқылды: 2958
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Бұндай ойды «Марғұлан. Бизнес пен өмір туралы» атты кітап таныстырылымында атақты кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев айтқан.

Өзі туралы жазылған кітапты асықпай оқып шығудың маңыздылығына кәсіпкер бойда қалыптасқан әдеттің өмірді өзгертуге қатысы барын жеткізеді. Қысқа да болса ойлы пікір сіздің өміріңізде де маңызды болар деген ниетпен ұсынып отырмыз.

«Бұл кітаптың басты кейіпкері – сіз. Кітапты оқығанда, «Бұны қалай өз өміріме қолдансам?», «Кітаптағы ақыл маған қалай әсер ете алады?» деген тұрғыда ойланған дұрыс. Кітапты тез оқуға асықпаңдар. Тез оқығаннан сіздің өміріңіз өзгермейді. Өйткені, өмірді өзгерту үшін, алдымен әдетті өзгерту керек. Адам күнделікті жұмысының 90 пайызын санамен емес, әдетпен істейді. Керек ойды жазып алыңыздар. Кітап көп адамның өміріне жақсы әсер етсе деген үмітім бар», - дейді жаңа кітаптың кейіпкері.

Фото: ашық дереккөзден