ЕЛІ ЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 28.11.2023
Оқылды: 1673
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанған Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында еске алу кеші өтті. 

Шараға ҚР Қарулы Күштері ардагерлері мен жастар қатысты. Патриоттық кеште армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы туралы сөз айтылды. 

– Сағадат Нұрмағамбетов елімізде заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалауға бар күш-жігерін жұмсады. Ол шаруа отбасында туып, үлкен дәрежеге жеткен адам. 19 жасында соғысқа қатысып, 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды. Қазіргі әскер қатарында жүрген әрбір азамат бұл кісіні үлгі тұтатыны сөзсіз, – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Рүстем Рахимбаев.

Отан үшін от кешкен жауынгердің жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң елдің қорғаныс саласын нығайтуға бар күшін салған азамат 1992 жылы бірінші Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Кейін армия генералы атағымен отставкаға шықты.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі