ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 6737 АДАМ ЕМХАНА АУЫСТЫРҒАН - БАСПАСӨЗ МӘЖІЛІСІ

Уақыты: 07.12.2022
Оқылды: 2371
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Жыл сайын қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында өтетін дәстүрлі науқан барысында 6737 облыс тұрғыны емхана ауыстырды. Облыс бойынша емханаға тіркелген азаматтардың саны – 666 489 адам.

«Емханаға тіркелу үрдісінің маңызы зор. Себебі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде қызметтерді жоспарлы пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Ағымдағы жылдың тіркеу науқанына 17 емхана қатысты, оның 1-і жаңа, жеке меншік медициналық ұйымдар. Аталған медициналық ұйым барлығы халыққа 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап қызмет көрсете бастайды», - дейді Гүлзира Таипова.

Спикерлердің мәлімдеуінше, азаматтардың емхана ауыстыру құқығы дәстүрлі науқанмен шектелмейді. Заң бойынша емхананы тұрғылықты мекенжайын, жұмысын немесе оқу орнын ауыстырғанда, басқа жаққа қоныс аударғанда, тіркелу емханасы қайта құрылып немесе қызмет көрсетуді тоқтатқанда да ауыстыруға болады. Сонымен қатар, жылына 1 рет еркін таңдау бойынша тіркелу құқығы әр азаматта бар.

Жалпы, тіркелетін емхана үйге жақын орналасу қажет. Бұл дәрігердің уақытылы үйге келіп  жедел көмек көрсетуіне қолайлы. Екіншіден, бір отбасының бір емханаға тіркелгені жөн. 

Емханаға тіркелу, өткен жылдан бастап электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылатын болды. Тіркеудің автоматтандырылуы емханаға «сырттай» тіркелу фактілерінің алдын алды. Осыған байланысты, тіркеуге қатысты шағымдардың күрт азаюы дәлел.

Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар кескінінде халықтың таңдауын ескере отырып, 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді. Сондықтан, дерекқордың кәміл дұрыстығына қор мүдделі.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Жетісу облысы бойынша 129 583 адам сақтандыру мәртебесіне ие болмаған. Алайда, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-дағы Saqtandyry Bot арқылы білуге болады. Осыған орай, сақтандырылмаған тұрғындарымызды МӘМС жүйесіне енуіне шақырамыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"