"Көбіне екпе алмаған балалар ауырды": Қазақстанда қызылша дерті көбейді

Уақыты: 07.04.2023
Оқылды: 1756
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылша дертінің көбейіп жатқанын айтты деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

"Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайды. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған", - деді Ажар Ғиният. 

Сонымен қатар, министр Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелгенін, алайда эпидемия басталмағанын жеткізген.

 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ