Дәрігер күздегі әлсіздік пен мазасыздықтан қорғану тәсілдерін айтты

Уақыты: 18.09.2023
Оқылды: 889
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Мәскеу облыстық ауруханасының терапевті Евгения Розанова күздегі әлсіздік пен мазасыздықтан (хандра) күресу тәсілдерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хбарлайды. 

Ол күнделікті созылу, жаттығу терапиясы немесе серуендеу секілді физикалық белсенділікті қосуды ұсынады.

"Оны тізе немесе тобық буындарының артриті немесе артрозы жоқ адамдар жасай алады. Сондай-ақ жамбас буындарының артрозы бар адамдарға бұл жүктеме болмайды", - деді дәрігер.

Евгения Розанова аэробты жаттығулардың бұл түрі жүрек пен өкпенің қан тамырларын жаттықтыратынын және гипертония мен коронарлық аурулардың дамуын болдырмауға көмектесетінін айтты.

Одан бөлек, сабақ кезіндегі киімнің жылы, бос және су өткізбейтін болуы маңызды. Маманның айтуынша, аяқ киімнің табаны қырлы болуы керек. Ал суық мезгілде термо іш киім мен бас киім киген жөн.

Дәрігер аптасына кемінде үш рет жүріп серуендеуді, бес-сегіз минуттық орташа жаттығулардан бастауды ұсынды.