Қолдың дірілдеуі қандай аурудың белгісі болуы мүмкін?

Уақыты: 29.11.2023
Оқылды: 867
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ұзақ уақыттан бері мазалап жүрген қолдың дірілі қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы невропатолог, вегетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Беленко айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кейбір стресстік жағдайларда қол қатты дірілдей бастауы мүмкін. Діріл шыныға су құйып, оны ішу секілді қарапайым іс-әрекеттің өзін істеуге кедергі келтірсе, бұл алаңдатарлық мәселе. Сондықтан, дірілден үнемі зардап шегетін болсаңыз, дәрігерге көрінген абзал. 

"Адам қолы дірілдесе, ол Паркинсон ауруы, склероз, мидың қандай да бір зақымдануы: ісік, инсульт және т.б. белгісі болуы мүмкін. Оған бас миының жарақаты да себеп болуы мүмкін", - дейді Елена Беленко.

Сонымен қатар, қалқанша безі мен бауыр аурулары, сондай-ақ перифериялық жүйке функциясының бұзылуы қол дірілдеуінің дамуына ықпал етуі мүмкін. Бірақ бұл эндокриндік патология немесе алкогольден улану нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Олар бауырдың жұмысына әсер етеді, бұл өз кезегінде перифериялық нервтердің зақымдалуына және дірілге әкеледі.

Дәрігер егер бұл ауыр ауру болса, қолдың дірілдеуімен бірге, әдетте басқа да белгілер жүретінін айтты. Олар бас, тіл, бүкіл дене, дауыстың дірілдеуі, қол, аяқ және беттің сезімталдығының бұзылуы.

Оның себебі мазасыздық, қорқыныш, жылау сияқты психоэмоционалды бұзылулар да болуы мүмкін. Жағдайды және ағзадағы ақаудың себебін түсіну үшін невропатологтың тексеруінен өту керек.

Фото: Freepik.com