Медициналық бұйымдар шығарады

Уақыты: 02.03.2024
Оқылды: 1965
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Кәсіпкерлікті дамыту үшін жылдық 8% мөлшерлемемен несие алу бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде мүмкін болады.     

«Сарқыт» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Сарқытжан Аманбайқызының кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқанына төрт жыл. Оның бизнесі тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысудан басталды. Ол бастапқыда бетперде, қолғап сияқты тауарларды медициналық колледжге жеткізуші ретінде танылды. Кейіннен бұл компанияға аталмыш оқу орнынан медициналық манекендерді жеткізу туралы ұсыныс түсті. 

Осыған байланысты Сарқытжан Аманбайқызы нарықты зерттеп, нәтижесінде оған медициналық манекендер шығару туралы ой келді. Сөйтіп, ол өнім өндіруге қажет жабдық пен шикізат сатып алып, инъекцияға арналған манекендер шығара бастады. Медициналық колледж қызметкерлері алғашқы манекендерге оң баға берді. Қазір компания инъекциялық манекендерді ғана емес, басқа да заттарды шығарады.

«Мемлекет тарапынан жасалған қолдау басталған істің жанданып, дамуына зор ықпалын тигізді. Субсидиялаумен қатар «Даму» қорының несие сомасының 85% мөлшеріндегі кепілдігі көмектесті»,– дейді Сарқытжан Аманбайқызы.

«Сарқыт» компаниясы инвестицияларға «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында олар субсидиялау құралы бойынша пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетті. Бүгінде компания өнімдері сұранысқа ие және медициналық мекемелерде оқыту мен зерттеу жүргізу үшін кеңінен қолданылады. 

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы
Фото: uc10.kz