"300 мың доллар". Әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан боксшылардың табысы мәлім болды

Уақыты: 15.05.2023
Оқылды: 895

Ташкентте төрінде өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшылардың қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz Tengri Sport сайты дерегіне сүйеніп.

Көршілес елде өткен байрақты бәсекеде финалға 5 қазақстандық боксшы шығып, оның төртеуі 2023 жылдың әлем чемпионы атанды.

Осыған орай әлемдік турнирдің жеңімпаздарына IBA екі еселенген сыйақысы – әрқайсысына 200 000 доллардан беретіні айтылған..

Ал Қазақстан бокс федерациясы Ташкенттегі турнир чемпиондарына тағы 100 000 доллардан төлемек.

Төменде сіздерге Қазақстан құрамасы боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі сыйақыларын беріп отырмыз. 


1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі категорияда чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).

Фото: ©ДРС