Тамаша! Қазақ боксшысына өзбекстандық кәсіпкер көлік сыйлады

Уақыты: 17.05.2023
Оқылды: 2223

Өзбекстан құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Абдуллаев 63,5 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты ұтты.

BasSport.kz сайтының мәліметінше әлеуметтік желіде Абдуллаевқа Chevrolet Malibu көлігін табыстп жатқаны туралы видео тараған.

Боксшыға көлікті көршісі, Ташкент облысының Кибрай ауданының кәсіпкері тарту еткен.

Фото: ашық дереккөзден