Асыланбек Шымбергенов даулы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Уақыты: 04.10.2023
Оқылды: 901

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоудағы соңғы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

71 келі салмақтағы жартылай финалдық кездесуде Асыланбек жапониялық Севон Окадзавадан жеңілді (2:3). Осылай Шымбергенов Азиаданың қола жүлдесіне ғана қол жеткізе алды. 

"Мен үшін Азия ойындары осымен аяқталды. Жанкүйер болып қолдағандарыңызға үлкен рахмет", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.

Дереккөз: massaget.kz