ТИТУЛДЫ БАПКЕР ЖАТТЫҚТЫРАДЫ

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 826

Волейболдан «Жетісу» әйелдер командасына жаңа жаттықтырушы келді. Енді ұжымды есімі еліміздегі жанкүйерлерге жақсы таныс серб маманы Марко Гршич баптайды. Осыған дейін өскеменнің «Алтай» клубымен елішілік барлық тиутлды бірнеше рет жеңген жаттықтырушыға артылған сенім мол.

- Әрине, бірінші кезекте жақсы ойын көрсетіп, әр турда тиісті ұпайды жинау. Ал одан кейін көктемде болатын плей-офф кезеңінде барымызды салып, жетісулықтарды жеңіспен қуантқымыз келеді, ­- дейді клуб директоры Нияз Жантілеуов.

Петропавлда өткен алғашқы турда сәтсіз ойын көрсеткен «Жетісу» бірден өзгеріс жасады. Оның алдында ел кубогында сүреңсіз қимылдаған еді. Бірқатар ойыншыларды командадан шығарып, бапкерді де жұмысынан босатты. Осыған дейін «Жетісуды» жаттықтырған Валерий Шиндов енді «Айқаркөз» командасының бас бапкері болды. Оның орнына келген Марко Грчиш елімізде жүрген ең титулды бапкерлердің санатында. Екінші тур да Петропавлда өтеді. Дәл қазір команданың дайындығы қызу.

Серік Қантай