«Жетісу» өз алаңындағы матчтарын қайда өткізетіні белгілі болды

Уақыты: 28.02.2024
Оқылды: 347

Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңындағы алғашқы ойындарын Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Клуб басшылығы мұндай шешімге «Жетісу» стадионында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты келді. Команда матчтарын оңтүстік астанадағы «Жас қыран» стадионында өткізеді.

Наурыздың 1-і күні өтетін ҚПЛ бірінші тур ойынында «Жетісу» өз алаңында «Ақсуды» қабылдаса, 2-ші турда «Астанамен» ойнайды.