Спорт комитетінің бұрынғы басшысы қамалды

Уақыты: 28.02.2024
Оқылды: 410

Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген өзінің telegram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылым El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мендегі бар мәлімет бойынша, сол кездегі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиев уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды Төлеген.

Мәселенің мән-жайы анықталуда.

Бір кездері Ерғалиев елорданың спорт басқармасында да басшы болған.