ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 322

Байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасынан Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий жарыс жеңімпазы болып, Олимпиада жолдамасын иеленді.


Жалпы байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасы Токиодағы Азия чемпионатында екі лицензия жеңіп алды.

Өтіп жатқан Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен  500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті.  Ал әйелдер арасында да екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Маргарита Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға қол жеткізді. Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді.

Қазір Қазақстан қоржынында 14 спорт түрінен 36 лицензия бар.