Қонқабаев Джалоловты жеңетін жолды тапты - сарапшы

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 352

Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Алиев Vesti.kz порталының Youtube арнасына берген сұхбатында ауыр салмақтағы Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) әлсіз тұсын атап, оны Қаимшыбек Қонқабаев (5-0, 4 КО) жеңе алатынын айтты. 

"Олар Майамидегі жаттығу лагеріне келген. Қамшыбек тамаша боксшы, бірақ өз салмағында емес сияқты. Кәсіпқойда ол крузервейтте жұдырықтасады. Жалпы қазір ауыр салмақта мықтылар аз. 12-16 жылдары сұмдық болатын. Сондай мықты жігіттер болды. Джалолов - құбыжық. Онымен өзгелер арасында айырмашылық жер мен көктей. Алайда кейінгі жекпе-жектерде Қамшыбек жақсырақ көрінеді. Ол Джалоловқа қарсы қалай әрекет ету керегін түсінді. Басында мүмкін білмеді, мүмкін салмақ бөгет болды, дегенмен қазір толық түсініп отыр. Джалолов мейлінше бір тактикалы. Ол жаңа ештеңе көросетіп жүрген жоқ. Алдағы Олимпиада жақсы болады деген ойдамын. Бір жаманы менеджерлер мен промоутерлер Олимпиаданы тамашаламайды. Қазір боксшыларда бұрынғыдай харизма жоқ. Сондықтан мен де жарыс көрмеймін", - дейді Алиев. 

Фото: Данияр Майлыбаев