Талдықорған: +26°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
ЖАНСАРАЙ
Ата-ана, саған айтам…
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамның болашағы бала тәрбиесіне байланысты. Өйткені білімді, саналы, отаншыл ұрпақ қалыптастыру тек мектептің немесе бір ғана отбасының міндеті емес. Бұл – ата-ана, білім беру ұйымы, қоғам және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі. 

Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар. Бұл мақалдың мәні қазіргі заманда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Баланың алғашқы тәрбиесі отбасыдан басталады. Оның мінезі, адамдармен қарым-қатынасы, еңбекке көзқарасы, үлкенді сыйлауы мен кішіге қамқорлығы ең алдымен ата-ананың үлгісі арқылы қалыптасады.

Бүгінгі ата-ананың алдында бұрынғыдан да күрделі міндеттер тұр. Себебі бала тек отбасы мен мектептің ықпалында емес. Ол күн сайын әлеуметтік желідегі ақпаратты, түрлі бейнемазмұнды, интернеттегі құндылықтарды қабылдайды. Сондықтан ата-ананың балаға уақыт бөлуі, оның ішкі жандүниесін түсінуге тырысуы маңызды. Кей жағдайда материалдық қамтамасыз етуден бұрын баламен ашық сөйлесу, оның ойын тыңдау, қолдау көрсету әлдеқайда үлкен тәрбие құралына айналады.

Психологтардың пікірінше, бала өзін отбасыда қауіпсіз әрі қажет сезінген жағдайда ғана дұрыс бағытта дамиды. Ал ата-ананың немқұрайдылығы немесе үнемі бақылаусыз қалдыруы баланың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін.

– Ұрпақ тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесі, – дейді тақырыпқа орай «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұркен Асанов.

Ол бала тәрбиесіне қатысты өзі бастан өткерген әсерлі оқиғасын да еске алады. Бірде қызынан: «Әкеңнің қай қасиетін ерекше бағалайсың?» – деп сұрайды. Сонда қызы: «Сенің менімен сөйлескенің, сырласқаның, бірге уақыт өткізгенің», – деп жауап қатады. «Қызымның осы сөзінен кейін мен ояндым», – дейді ол. Бұл бір әке мен қыздың арасындағы диалог қана емес, бүгінгі қоғамға қойылған маңызды сауал деп түсіну керек. Расында, біз көбіне жақсы ата-ананы материалдық қамқорлықпен өлшейміз. Ал балаға уақыт бөлу, оны тыңдау, бірге болу ештеңемен алмастырылмайтын құндылық екенін кейде кеш түсінеміз. Қазір үлкен міндет жүгін арқалаған «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің тарихы да осы ойдан бастау алған екен. Яғни, ұйымның басты мақсаты – баланы өзгертуден бұрын оны тәрбиелейтін ортаны өзгерту.

Тағы да баламен әңгімелесуге қатысты мысалға оралайық. «Үйде кіммен сырласасың?» – деген мектеп психологының сұрағына бала бірден жауап бермей, үнсіз қалады. Сәлден кейін ғана: «Телефоныммен…» – дейді. Бұл ойдан шығарылған көрініс емес, бүгінгі қоғамның шындығын дәл сипаттайтын сөз.

Соңғы жылдары елімізде бала тәрбиесіне қатысты мәселелер жиі көтерілуде. Буллинг, интернетке тәуелділік, жасөспірімдердің психологиялық күйзелісі, вейп, синтетикалық есірткі, тұрмыстық зорлық-зомбылық… Мұндай оқиғалар орын алған сайын қоғам дүрлігіп, кінәліні іздей бастайды. Бірде мектепті, бірде мұғалімді, енді бірде әлеуметтік желіні айыптайды. Бірақ осы талқылаулардың арасында ең маңызды сұрақ тасада қалып қояды: біз бала тәрбиесі туралы әңгімені дұрыс бағытта өрбітіп жүрміз бе?

Мектеп білім береді, заң тәртіп орнатады, мемлекет мүмкіндік жасайды. Ал адамның мінезі, өмірлік ұстанымы мен құндылықтары ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан қоғамдағы көптеген мәселенің жауабын да отбасыдан іздегеніміз жөн.

Қазақ халқы тәрбиені ешқашан бір адамның міндеті деп қарамаған. «Бала – бүкіл ауылдың баласы» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік жатыр. Бір баланың тәрбиесіне ата-анамен бірге ата-әже, көрші, ұстаз, ауыл ақсақалы да ортақтасқан. Бұл ұлттың ғасырлар бойы қалыптастырған өмірлік қағидасы еді. Ал бүгінде біз балаларымыздың мектептегі үлгерімін, емтихан нәтижесін, қандай үйірмеге қатысатынын жақсы білеміз. Бірақ олардың ішкі жандүниесінде қандай өзгерістер болып жатқанын, нені уайымдайтынын, кіммен сырласатынын әрдайым біле бермейміз. Болашағына жоспар құрамыз, бірақ көңіл-күйіне көңіл бөле алмай жатамыз. Бәлкім, қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселе тәрбиенің жоқтығында емес, бір-бірімізді тыңдау мәдениетінің әлсіреуінде шығар.

Осы мақаланы жазуға кіріскенде өзіме бір ғана мақсат қойдым: «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігін таныстыру емес, оның не себепті өмірге келгенін түсіну. Өйткені кез келген қоғамдық бастама белгілі бір қажеттіліктен туады. Оның артында қоғамның шешімін күткен мәселелері болады. Бес жыл бұрын құрылған «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі де дәл осындай қоғамдық сұраныстың нәтижесі. Алғашқы кезде бұл ұйымды ата-аналарға арналған семинарлар өткізетін қоғамдық бірлестік деп қабылдағандар аз болған жоқ. Солардың бірі алматылық Эленора Солтанғазина.

– Бастапқыда жай ғана дәріс тыңдауға барған едім. Бірақ әр кездесуден кейін өзімді қайта саралай бастадым. Бір күні «Балаңызбен соңғы рет қашан шын жүрегіңізбен сөйлестіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сол сәтте терең ойға қалдым. Біз балаларымыздың тамағын ішкенін, сабағын оқығанын сұраймыз, бірақ көңіл-күйін сұрауға уақыт таппайды екенбіз. Сол кезден бастап ең алдымен тыңдай білуді үйрендім. Балаға ақыл айтудан бұрын оны түсінуге тырысу керек екенін ұқтым, – дейді ол.

Эленораның айтуынша, ұйымдағы кездесулер ата-аналарға бала тәрбиесінің тек теориясын ғана емес, күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды үйретеді. Баланы жазалау емес, онымен сөйлесу, бақылау емес, сенім білдіру, талап қоюмен қатар махаббат пен қолдау көрсету бүгінгі ата-ананың басты міндеттерінің бірі.

Шынында да бүгінгі балалар бұрынғы ұрпақтан мүлде бөлек ортада өсіп келеді. Әлеуметтік желі олардың досына, кеңесшісіне айналып барады. Егер ата-ана баласымен сенімді қарым-қатынас орната алмаса, оның орнын басқа біреу басады. Ол мүмкін блогер, бейтаныс адам, кейде телефон экраны болуы ықтимал. Осындай жағдайда отбасының рөлін күшейту – уақыт талабы. Бұл бағытта «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі еліміздің әр өңірінде ата-аналармен кездесулер өткізіп, семинарлар ұйымдастырып келеді екен. Онда отбасы құндылықтары, бала психологиясы, цифрлық қауіпсіздік, буллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы тәуелділіктер, ата-ананың жауапкершілігі сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланады.

Бірлестіктің басты ерекшелігі – дайын шешім ұсынудан бұрын ата-ананы ойландыруында. Өйткені әр отбасының жағдайы әртүрлі. Бірақ барлығына ортақ бір шындық бар: балаға ең алдымен өзін қауіпсіз сезінетін, түсінетін, тыңдайтын отбасы қажет. Бес жылдың ішінде бұл бастама мыңдаған ата-ананың көзқарасын өзгертуге ықпал етті. Әрине, бір семинар қоғамды толық өзгерте алмайды. Бірақ бір ата-ананың өзгеруі – бір отбасының өзгеруі. Бір отбасының өзгеруі – бір баланың тағдыры. Ал сол балалар ертең қоғамды қалыптастырады.

Бүгінде біз технологияны дамытуды, экономиканы нығайтуды, жаңа мектептер салуды маңызды деп есептейміз. Бұл – дұрыс. Алайда, қандай қоғам құрсақ та оның іргетасы отбасында қаланады. Себебі тәрбиелі ұрпақ – кез келген мемлекеттің ең үлкен байлығы. Ендеше, бала тәрбиесін тек мектептің немесе мемлекеттің міндеті деп қарамай, оны баршаның ортақ жауапкершілігі ретінде қабылдайтын уақыт келді. Өйткені, болашақ бүгінгі қабылданған шешімнен, бүгінгі айтылған жылы сөзден, бүгінгі бөлінген уақыттан басталады. Қалай десек те балаға қажет ең қымбат сыйлық – қымбат телефон емес, оның жанын тыңдайтын ата-ана…

Айтпақшы, бес жыл ішінде аталған ұйым еліміздің барлық өңірінде бөлімшелерін ашып, 16 910 ағартушылық іс-шара өткізді. Осы жұмыстарға 126 мыңнан астам ата-ана қатысты. Қазір бірлестік қатарында 160 мыңға жуық ата-ана бар. Сонымен бірге 1 138 мектеппен, 198 мектепке дейінгі ұйыммен, 106 колледжбен және 27 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан бірлестік қоғамдық жұмыспен ғана шектелмейді екен. Республика көлемінде жүргізілген зерттеулер барысында 57 мыңнан астам ата-ана мен жасөспірімнің пікірі сараланып, бүгінгі қазақстандық отбасының жай-күйіне ғылыми талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері әкелердің мектеп өміріне белсендірек араласа бастағанын, ата-аналардың балаларымен ашық сөйлесуге ұмтылысы артқанын көрсетті.

Журналистік зерттеу барысында тағы бір ойға тоқталдым. Біз жастардың өзгергенін жиі айтамыз. Бірақ оларды тәрбиелеген ортаның жай-күйіне әрдайым назар аудара бермейміз. Біз мысалға алып отырған ұйым басшысы Нұркен Асановтың «Баусыз кілт тез жоғалады. Жастар – болашағымыздың кілті. Сол кілтке бау бола алмай жүрген – біз» деген сөзі осы жауапкершілікті еске салады.

Әрине, мәселе ұрпақ сабақтастығы мен ұлт алдындағы парыз тақырыбына қатысты өткізілген форумдар мен семинарлардың санында емес. Оның басты жетістігі қоғамда «саналы ата-ана», «жауапты ата-ана», «ата-аналық мәдениет» ұғымдарының кеңінен айтыла бастауында болса керек. Егер бір әке жұмыстан кейін телефонын шетке қойып, баласымен еркін әңгімелессе, егер бір ана баласының бағасынан бұрын көңіл-күйін сұраса, егер бір отбасы аптасына бір кешті бірге кітап оқуға арнаса мұндай қарапайым өзгерістер кез келген үлкен форумнан әлдеқайда маңызды нәтиже болар еді.

«Мен балама соңғы рет қашан шын көңілмен уақыт бөлдім?». Осы сұраққа әрбір ата-ана жауап іздей бастаса, «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің де, осы мақаланың да басты мақсаты орындалды деуге болады. Өйткені ұлттың болашағы үлкен мінберлерде емес, әр шаңырақтағы күнделікті әңгімеде, ата-ана мен баланың арасындағы сенімде қалыптасады.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.