Талдықорған: +10°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Алакөлде волейболдан ерлер арасында чемпионат өтті

22 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Алакөлде волейболдан ерлер арасында чемпионат өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында жас спортшылар мен әуесқойлардың басын қосқан волейболдан ерлер арасында аудандық чемпионат аяқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жарысты Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту бөлімі және спорттық іс-шараларды өткізу клубы КММ-нің Алакөл аудандық филиалы бірлесе ұйымдастырды.

Спорттық бәсеке Қарабұлақ спорт кешенінде өтті. Додаға Үшарал қалалық округінен, сондай-ақ Жыланды, Екпінді, Көлбай, Үшбұлақ, Қарабұлақ, Еңбекші, Жайпақ, Қайнар және Көктұма ауылдық округтерінен жиналған 10 команда қатысты.

Жалпы алғанда 100-ден астам спортшы алаңға шығып, жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орын: Қайнар ауылдық округінің командасы;

  • 2-орын: Үшарал қалалық округінің командасы;

  • 3-орын: Жайпақ ауылдық округінің командасы.

Үздік шыққан командалар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен бірге чемпионат барысында шеберлігімен танылған ойыншылар ауданның құрама командасына іріктелді. Олар енді облыстық бәсекеде аудан намысын қорғайтын болады.

Ауылдық аймақтарда мұндай турнирлерді жиі өткізу – өңірдегі бұқаралық спортты жаңа деңгейге көтерудің негізгі тетігі. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне спорттық инфрақұрылым мен жүйелі жарыстар тікелей ықпал етеді.

Жергілікті деңгейдегі командалық ойындар ауылдар арасындағы достық байланысты нығайтып, жас таланттардың үлкен спортқа қадам басуына жол ашады. Аудан ішінен іріктелген мықты спортшылар облыстық жарыстарда бақ сынап, кәсіби шеберлігін шыңдай түседі.

Алдағы 22-26 шілде аралығында Алакөл ауданында волейболдан ерлер арасында Жетісу облысының чемпионаты өтеді. Жерлестерімізге алдағы маңызды додада жеңіс пен сәттілік тілейміз!

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.