Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында жүргізушілер газ таппай жүр

24 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында жүргізушілер газ таппай жүр
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында көлік жүргізушілері бірнеше күннен бері автогаз таппай жүр. Өткен демалыс күндерінен бастап өңірдегі бекеттердің көбінде сұйытылған газ болмаған. Салдарынан жүргізушілер сағаттап кезекте тұрған еді. Бірақ шенеуніктер барлық мәселе шешілді деп сендірді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

2-3 күннен бері Талдықорғанда газ құю бекеттері бос тұр. Себебі бекеттерде «газ жоқ» деген хабарламалар ілініп, жұмыс уақытша тоқтатылған. Облыс орталығында автогаз тапшылығы өткен аптаның бейсенбісінде басталған. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, 3-4 күн  қаладағы жанармай құю бекеттерінің басым бөлігінде сұйытылған газ болмаған. Жалғыз бекетте ғана сатылған отынға ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

“Мен әдетте газ құйып жүрген бекеттерде бірнеше күн газ болмады. Олар мұны вагондар бір жерде тұрып қалды деп түсіндірді”, – деді жүргізуші Алан Ахмет.

“Жұмадан бастап газ таппай қойдым. Кеше демалыс күні кезекке тұрып, 7-8-боп тұрып құйып алғанмын. Сонымен ол бітіп қалғаннан кейін таңғы 8-ден бастап бүкіл қаланы айналып шықтым, ешқай жерде газ жоқ”, – деді тағы бір жүргізуші Азамат Болатов.

Жауаптылар газ тапшылығы уақытша ғана болғанын айтады. Өйткені Павлодардан сұйытылған газ жеткізуде бірқатар қиындықтар туындаған екен.

“Бүгінгі күні тапшылық жоқ. Өткен аптада 21-23 желтоқсанда Павлодардағы зауыттан тауарды жеткізуде қиындықтар туындады. Содан бізде бүгін түске дейін кейбір жанармай құю бекеттерінде тапшылық болды. Облыста жағдай қалыпты”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Азат Қанашжанов.

Жетісу облысына желтоқсан айына 3600 тонна автогаз бөлінген. Енді қосымша тағы 504 тонна жетікізілмек.

Фото: Видеодан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.