Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
РУХАНИЯТ
«Бес тапалдың» бірі еді…
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті жазушы, белгілі сыншы, көсемсөздің көрнекті өкілі Бек Тоғысбайұлының туғанына 90 жыл толуына орай Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында тағылымы терең мерейтойлық іс-шара өтті. Қазақ руханиятының қабырғалы тұлғасын ұлықтауға арналған басқосу – қаламгер мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі буынға насихаттауды көздеген мазмұнды жиынға айналды.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиетіне өзгеше леп әкелген дарынды буынның алдыңғы қатарынан көрінген Бек Тоғысбай- ұлы әдебиет әлемінде «Бес тапалдың» бірі ретінде танылды. Сыншылықтың салмағын арттырып, көркем сөздің қадір-қасиетін биіктеткен қаламгердің шығармашылық жолы бүгінгі күні де әдеби қауым үшін құнын жоймаған қазына саналады.

Мерейтой аясында ТҮРКСОЙ мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Асыл адам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Басқосуға белгілі әдебиеттанушылар мен қаламгерлер – сыншы Әмірхан Меңдеке, жазушылар Қуандық Түменбай, Ділдәр Мамырбаева, тарихшы Бұлдыбай Анарбай, ақындар Бауыржан Қарабеков, Жанболат Құрман, Айгүл Жұмәділ және Жангелді Немеребай қатысып, Бек Тоғысбайұлының қазақ әдебиетіндегі орны, сыншылық мектебі мен шығармашылық мұрасы жөнінде мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.

Салтанатты жиынды Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ашып, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады. Ол сөзінде Бек Тоғысбайұлының тұтас қазақ руханиятының мақтанышына айналған тұлға екенін атап өтіп, мұндай тағылымды шаралардың ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы маңызы ерекше екеніне тоқталды.
Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Облыс басшысының ізгі лебізінде қаламгердің ұлттық әдебиетке сіңірген еңбегі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алатыны айтылды. Сондай-ақ әкімнің атынан қаламгердің артында қалған ұрпақтарына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Жиында Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы да сөз алып, қос облыстың рухани байланысын айшықтайтын мерейтойдың мән-маңызына кеңінен тоқталды.

– Құрметті ауыл-аудан тұрғындары, баршаңызды Бек Тоғысбай-ұлының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана халқымыздың тәмсілі дәл осындай ардақты азаматтарға арналған. Артында өшпес мұра қалдырған тұлғаның мерейтойының кең көлемде аталып өтуі – елдің руханиятқа деген құрметінің белгісі. Бұл игілікті іс Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Сонымен қатар осы өңірдің тумасы, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы Құттықтау хатын жолдап, ізгі тілегін жеткізді, – деді Қуаныш Сұлтанұлы.

Басқарма басшысы Жетісу облысы әкімінің атынан қаламгердің ұрпақтарына ұлттық дәстүрге сай шапан мен камзол жауып, құрмет көрсетті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз алған белгілі сыншы Әмірхан Меңдеке әдебиеттің ұлт өміріндегі орнына ерекше тоқталып, Бек Тоғысбайұлы шығармашылығының өзегінде елдік рух пен ұлттық мұрат жатқанын әсерлі әңгімеледі.

– Жүсіпбек Аймауытовты 1931 жылы ату жазасына кесер алдында одан кешірім сұрауды талап етеді. Сонда ол: «Мен өз халқымды шексіз сүйгенім үшін ешкімнен кешірім сұрамаймын. Керісінше, өз ұлтын сүйе алмайтындар кешірім сұрасын», – деген екен. Бек Тоғысбайұлының бүкіл шығармашылығынан дәл осы ұлтқа деген шексіз сүйіспеншілік анық аңғарылады. Оның қаламынан туған дүниелердің барлығы елдік сананы, ұлттық рухты, халықтық құндылықтарды арқау етеді. Сондықтан Бек Тоғысбайұлын әдебиеттегі ұлтжандылықтың шынайы жаршысы деп бағалауымыз керек, – дейді сыншы.

Тағылымды жиынның шырайын аша түскен ерекше сәт Бек Тоғысбай-ұлының шығармашылық мұрасын топтастырған жаңа жинақтың тұсаукесері болды. Көпшілік назарына қаламгердің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы ұсынылды. Алғашқы томға автордың оқырман жүрегінен орын алған «Ағайын», «Ақынның жастық шағы», «Ақбілек», «Бозжорға», «Күмбез», «Наз ерке», «Сый қонақ», «Талас жігіті», «Туған жер» сынды әңгімелері енгізілсе, екінші томға көркемдік қуаты мен тағылымдық салмағы жоғары «Ақтоты», «Той үстінде», «Жұбаныш», «Әкең де бала болған», «Асыл адам айнымас» хикаяттары топтастырылған. Жазушының әр шығармасынан ұлттың болмысы, уақыттың тынысы, адам жанының иірімдері мен өмір шындығы айқын аңғарылып, әдебиетсүйер қауымды сүйсіндіре түсері анық.
Кеште «Асыл адам» атты естеліктер жинағының да тұсауы кесілді. Бұл еңбек – Бек Тоғысбайұлының азаматтық келбеті мен адами болмысын, шығармашылық табиғатын әр кезеңде бірге жүрген қаламдас серіктері мен ізбасарларының естеліктері арқылы бедерлеген.

Мерейтой тізгінін ұстаған ақын Ержан Алаштуғанның айтуынша, «Асыл адам» тұжырымдамасының авторы көрнекті қаламгер Ұлықбек Есдәулет. Оның бастамасымен дүниеге келген бұл кітапта қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлері мен кейінгі буын өкілдерінің жүрекжарды лебіздері, естеліктері мен ой-толғамдары топтастырылған. Атап айтар болсақ жинаққа Шыңғыс Айтматовтың, қазақ прозасының көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің, Хасен Әдібаевтың, қазақ поэзиясының алыптары Қадыр Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиевтің, сондай-ақ әдебиеттің бүгінгі буын өкілдерінің естеліктері енгізілген. Әрбір жазбада Бек Тоғысбайұлының қаламгерлік және кісілік келбеті, азаматтық ұстанымы мен ұлтқа деген адалдығы кеңінен көрініс тапқан.

Кітаптардың тұсаукесері ұлттық дәстүрге сай сән-салтанатпен өтті. Арнайы дайындалған қызыл лентаны қию рәсіміне мерейтойға арнайы ат басын бұрған қадірлі қонақтар түгелдей шақырылып, ақжарма тілектерін арнады.

Жиын соңында Бек Тоғысбайұлы ұрпақтарының атынан сөз алған қызы Айгүл Тоғысбаева келген қонақтарға шынайы ризашылық білдіріп, әкесі жайында тебірене сыр шертті. Оның сөзінен әкеге деген перзенттік сағыныш пен мақтаныш сезілді.

– Әкемнің жолы бізге бұйырмады. Бірақ әкемнің артында ұрпағы бар. Сол ұрпақтың арасынан атасының ізін жалғайтын азамат шығарына сенеміз. Арманым – солар атасы Бектей болса екен. Әкемнің аты ұрпақтарымен бірге жасай берсе екен деп тілеймін, – деді Айгүл Бекқызы.

Сөйтіп, Бақанас төрінде ұлт әдебиетінің абыз тұлғасына көрсетілген құрмет қаламгердің асыл мұрасын қайта жаңғыртып, жаңа буынның рухани игілігіне айналдырған мазмұнды мәдени оқиға ретінде ел жадында қалды. Өйткені сөзі саф, ойы терең, ұстанымы берік тұлғалардың ғұмыры уақытпен өлшенбейді. Олар қалдырған мұра – ұлттың рухани сарқылмас қазынасы, кейінгіге жол көрсетер шамшырақ болып қала бермек.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Бақанас ауылы,
Балқаш ауданы,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.