Талдықорған: +2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

БАЛА КЕЗДЕН БАСТАЛҒАН МАХАББАТ

20.12.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
БАЛА КЕЗДЕН БАСТАЛҒАН МАХАББАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі төрт маусымда «Жетісу» сапында тұрақты ойнап, ерекше ойынымен көзге түсіп жүрген сол қапталдағы қорғаушы әрі команданың вице-капитаны – Асхат Балтабековтің (2021 жылы ел чемпионатында 26 ойынға қатысып 1 гол, 4 пас; 2022 жылы Бірінші лигада 23 ойын 2 гол, 1 пас; 2023 жылы қайтадан Премьер-лигаға оралған команда қатарында 26 ойын, 2 гол, 5 пас; 2024 жылы 24 ойынға шығып, 2 гол салып, 3 пас берді) алаңдағы жылдамдығы, қарсыласты тоқтатып, қауіптің алдын алудағы шеберлігі, өз қапталы арқылы командасының шабуылын өрбітуі өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Әйгілі Transfermarkt сайты Асхаттың футбол әлеміндегі бағасын 100 мың еуродан (2020 жылы) бастап 300 мың еуроға дейін (2024 жыл) көрсеткен. Биыл 30 жасында Ұлттық құрамаға шақырту алып, ұлттар лигасының аясында Алматының Орталық стадионында өткен Қазақстан мен Словения арасындағы ойынның 64 минутында Ислам Чеснаковты алмастырып, дебют жасады. «Жетісудың» әр жастағы командасынан сатылы түрде електен өткен ойыншымен сұхбаттасудың сәті түсті.


Біздің анықтама: 1993 жылы 6 қарашада Жетісу облысы, Лепсі ауылында дүниеге келді. Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясында оқыды. Кейін Жетісу университетінде білім алды. Футболмен 7 жасынан айналысады. Алғашқы бапкері – Сағындық Қасымжанов.

– Биыл сен үшін табысты жыл болды. Ұлттық құрамаға шақырту алдың және Ұлттар лигасындағы ойындарға қатысып үлгердің. Алғаш шақырту алғанда қандай сезімде болдың және өзіңді қалай қайрадың? Ұлттық құрамадағы жігіттер қалай қарсы алды? 
– Ұлттық құрамаға шақырту алу – кез келген ойыншының арманы. Алғаш шақырту алған сәтте толқу мен қуаныш сезімі қатар болды. Себебі ел намысын қорғау – үлкен жауапкершілік. Өзімді ойындарға дайындау үшін алдыма нақты мақсаттар қойып, барымды салуға тырыстым. Ұлттық құрамадағы жігіттер жылы қарсы алды, тез үйренісіп кеттім. Атмосфера өте жақсы, барлығы бір отбасының мүшесіндей болып кеткен және бір мақсат үшін жұмылған нағыз команда. Словенияға қарсы алғашқы ойында алаңға шыққанда жанкүйерлердің қолдауын сезіндім. Олардың дауысы, эмоциясы қосымша күш берді. Сол сәт менің есімде мәңгі қалады.

– 2021 жылдан «Жетісу» сапында тұрақты ойнап келесің және ең көп матч өткізгендердің қатарындасың. Бала кезіңнен бір командада ойнап келесің (карьераның бастауында «Жетісу-Сұңқар», «Қыран», «ЦСКА» бар) басқа клубтардан да шақырту болғанын білемін, өзге командалардың да ұсынысын қарастырып көрмедің бе? 
– Иә, 2021 жылдан бері «Жетісу» сапында ойнап келемін. Клубқа деген махаббатым бала кезден басталды. Мен үшін «Жетісу» – бұл тек команда емес, туған үйімдей. Себебі, балалық шағымнан бастап осы клубта өстім, дамыдым, жетілдім. Бұл жер менің мансабымның негізін қалады. Басқа клубтардан ұсыныстар болғанын жасырмаймын, бірақ команданың атмосферасы, жанкүйерлердің қолдауы және маған сенім артқан бапкерлердің ықпалы өз рөлін атқарды.

– Сендердің толқындарыңа ерекше әсер еткен сол кезде Бірінші лигада болған «Жетісу-Б» командасы. Сол құрамда болған Айбар Жақсылықов, Аслан Әділ, Мади Хасейн сынды ойыншылар бүгінде Премьер-лиганың белді командаларында жүр. Жетісу футболы үшін, жастар үшін үлкен қолдау болды. Бүгінгі «Жетісуға» ойыншылар дайындау үшін Бірінші лигаға команда қажет емес пе?
– «Жетісу-Б» командасы ерекше әсер қалдырды. Біздің толқынның футболда өсуіне үлкен үлес қосты. Ол кезде алаңда бірге болған жігіттер қазір барлығы дерлік Премьер-лигада ойнап жүр. Бірінші лигада команданың болуы жастар үшін өте маңызды. Ол ойыншылардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді және «Жетісудың» негізгі құрамын жаңа таланттармен толықтыруға септігін тигізеді.

– «Жетісудың» биылғы маусымына тоқталсақ. Бірінші айналымды сәтті бастаған команда екінші кезеңде жеңілістен көз ашпады. Ойын жүрмеді ме, басқа да жағдайлар әсер етті ме?
– Биылғы маусымның бірінші айналымы сәтті басталғанына қарамастан екінші айналымда жеңіліс, тең ойын көп болды. Бұл жерде тек ойын емес, өзге де факторлар әсер етті деп ойлаймын. Ол ойыншылардың жарақаты, кей сәттегі жолымыздың болмауы, ойын мен ойын арасындағы психологиялық қиындықтар. 

Қысқа-нұсқа 

– Есіңде қалған ерекше голың? 
– 2023 жылғы маусымда «Қызылжарға» қарсы соққан голым.
– Сен үшін ең қиын қарсылас болған…
– Австрия құрамасы – жылдамдық пен техника жағынан өте мықты.
– Гол әлде пас?
– Екеуі де маңызды, бірақ нәтижелі пас беру ерекше ләззат сыйлайды.
– Бірге ойнағың келетін футболшы?
– Лиеонель Месси. Оның ойынды көру қабілеті таңғалдырады.
– Алаңның қай шебінде ойнап көргің келеді?
– Шабуылшы, себебі әр матчта гол соғып, командаға жеңіс сыйлау ерекше сезім.
– Nike әлде Adidas?
– Nike.
– Талдықорған сен үшін…
– Туған үйім, менің барлық бастамаларымның негізі.
 

– Қайрат Нұрдәулетов қандай бапкер және өзгелерден несімен ерекше?
– Қайрат Нұрдәулетов өте талапшыл әрі білікті бапкер. Ол әр ойыншының мүмкіндігін жоғары бағалап, сенім артады. Оның басшылығымен кез келген ойыншының әлеуеті ашылады. Ол жігерлендірудің шебері, әрдайым команда үшін бар күшін салады.

– Келер маусымға арналған оқу-жаттығу жиынының басталар уақыты да таяды. «Жетісудан» келер жылы не күтеміз, жоспар қалай? Басшылық ауысып жатыр, бұл ойыншыларға қалай әсер етпек? 
– Келер маусымға дайындық жақын арада басталады. Басшылықтағы өзгерістер командаға жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістер әкелуі мүмкін.

– Жеке жоспарыңды айта отырсаң, келешекте бапкер болуың мүмкін бе? 
– Жеке жоспарларым туралы айтсам, қазір бар назарым футболға, ойынға бағытталған. Келешекте бапкер болу мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Бірақ қазір өзімді ойыншы ретінде әлі де дамытып, командаға барымды салуға тырысамын.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.