Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді

19 желтоқсан 2024
КҮЛТӨБЕ
Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.


— Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, — деді облыс басшысы.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі. Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар көл жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартылуда, бұл мақсатқа 2024 жылға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылдың соңында жобаны аяқтау жоспарлануда.

Сол сияқты Бейбіт Исабаев өз сөзінде экологиялық туризмді дамыту жайына да тоқталды. Атап айтқанда, шаңғы-биатлон кешенін салудың жобалық құжаттамасы әзірленген. Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге қарастырылды. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.