Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ат марафонында Рүстем Досжанов бастап жеңіске жеткен шабандозбарды, жаттықтырушыларды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Еліміздің «Жолбарыс» командасы 4 күнге созылған 300 шақырымды 19 сағат 30 минутта еңсеріп, 2-ші келген «Ала-тоо» (Қырғызстан) командасынан 2 сағат бұрын мәреге жетті.
– Сіздердің жеңістеріңіз еліміздің абыройы. Жетісулықтардың осындай сында алдыңғы қатардан көрініп, алтын алып жатқандығы қуантады. Біз өздеріңізге сенеміз, алдағы жарыстарға сәттілік, – деді өз сөзінде Бейбіт Исабаев. Артынша облыс әкімі командаға 3 миллион теңгенің сертификатын табыстап, жеңіске үлес қосқан әр жанға алғыс білдірді.
– Кейінгі жылдары облысымыздың шабандоздары жүлдеге тұрақты ілігіп, абыройымызды аспандатып жүр. Бұл әуелі көңіл болып, қолдау көрсетіп отырған облыс басшылығының арқасы. Тұрақты демеудің нәтижесі көрініп жатыр. Ұзақ қашықтықтағы жорқтардың барлығында дерлік алдыңғы қатарда келе жатырмыз, ал биыл облысымыздың құрамасы алғаш рет көкпардан үштікке кірді. Келесі ел чемпионатында нәтижені жақсарту үшін барымызды саламыз, – деді Биыл көкпардан облысымыздың құрамасы ,– деді Қазақстан құрамасының жетекшісі, Ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» кәсіпқой спорт клубының басшысы Рүстем Досжанов.
Марафон бәйгеге қатысқан5 спортшының 4-еуі жетісулық. Олар – Қанат Реимбай, Жарас Төлебай, Ержан Ернар, Жақсылық Берікболұлы. Шабандозбар бұл жетістікпен шектеліп қалмай, үлкен сындарда ел намысын қорғауға дайын екендіктерін айтты. Ұзақ қашықтықтағы жарысқа шыққан 4 ат Жетісу облысынын болса, 1 жылқы Жамбыл облысынан. Көшпенділер ойынына дайындық Талдықорған қаласындағы атшабарда өтті.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Сайыс спорттың 43 түрінен өтіп, елімізден 150-ден астам спортшы өнер көрсетті. Жалпы қорытынды бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды, оның ішінде 32 алтын, 20 күміс, 22 қола жүлде бар. Командалық есепте ұлттық құрама 1-орын иеленді.
Серік ҚАНТАЙ
Фото: Дмитрий Ерофеев





