Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қауіпсіздік – ортақ міндет

17.09.2026
КҮНДЕРЕК
Қауіпсіздік – ортақ міндет
WhatsAppTelegramFacebook

Әуе жолы – алыс пен жақынды жалғаған өркениеттің күретамыры. Күн сайын әуежай табалдырығын аттап, діттеген жеріне жол тартқан жолаушы үшін ең бастысы – сапардың сәтті басталып, діттеген межесіне аман жету. Осы ретте әуежайдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Талдықорған әуежайының көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Оның өзегінде құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтардың сақтығын арттыру және әуежай аумағында тыныштықты сақтау міндеті тұр.

Кейде асығыс сапар үстінде адам жеке заттарына салғырт қарап жатады. Ұялы телефон, әмиян, құжат, сөмке сынды дүниелерді орындыққа немесе тіркеу маңына қалдырып кету әп-сәтте әбігерге салуы ықтимал. Осыған байланысты көліктегі полиция қызметкерлері жолаушыларға бағалы бұйымдарын көзден таса қалдырмау, күмәнді жағдайға тап болған кезде дереу қызметкерлерге хабарлау жөнінде түсіндіру жүргізуде.

Қауіпсіздік мәселесі жолаушының жеке мүлкімен шектелмейді. Әуе- жай – адамдар көп шоғырланатын, түрлі бағыттағы қызметтер тоғысатын нысан. Сондықтан мұнда қоғамдық тәртіпті сақтау, күдікті жағдайларға сергек қарау, азаматтардың заң талаптарын орындауын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда шұғыл әрекет ету – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Бұл ретте көліктегі полиция бөлімі авиациялық қауіпсіздік қызметімен де етене байланыста жұмыс істейді. Багажды тіркеу және әуе кемесіне отырғызу алдындағы тексеру аумағында мамандар бірлескен бақылау жүргізеді. Мұндағы мақсат – жолаушылардың қолжүгі мен багажында әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін тыйым салынған заттардың болуына жол бермеу. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жолаушылар, олардың қолжүгі мен багажы ұшу алдындағы тексеруден өтеді.

– Біздің негізгі міндетіміз – әуежай аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жолаушыларға жеке заттарын қараусыз қалдырмау, күмәнді жағдай байқалған кезде бірден полиция қызметкерлеріне хабарлау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, багаж бен қолжүгінде тыйым салынған заттардың болмауын бақылауға атсалысамыз, – дейді Талдықорған әуежайы КПБ бастығы Фархат Бегарисов.

Әуежайдағы тәртіптің темірқазығы – қырағылық. Авиациялық қауіпсіздік мамандары жолаушыларға қолжүгі мен багажын өздері жинауды, белгіленген тексеру тәртібін орындауды, күмәнді жағдайларды тиісті қызметкерлерге хабарлауды ескертеді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

17.09.2026
Үздік мектеп анықталды

Үздік мектеп анықталды

17.09.2026
Қауіпсіздік – ортақ міндет

Қауіпсіздік – ортақ міндет

17.09.2026
Қонақжайлық кәсіптің жаңа бағыты

Қонақжайлық кәсіптің жаңа бағыты

17.09.2026
Шаруашылықтың жаңа бағыты

Шаруашылықтың жаңа бағыты

17.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.