Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаратал пиязы – ресей нарығында

19 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
Қаратал пиязы – ресей нарығында
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста көкөніс және бақша дақылдарын жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде алқаптардағы өнімнің 73%-ы жиналды. Сонымен қатар өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінде алғаш рет чипс өндіруге арналған картоптың арнайы сорты өсірілді.

Көксу ауданындағы «Кеңдала» шаруа қожалығы таңдаған картоп сорты шаруашылық үшін жаңа бағыт деуге болады — жиналған өнімді қоймада ұзақ сақтаудың қажеттілігі жоқ, өйткені өткізу нарығы орақ науқаны басталмай тұрып анықталған. Атап айтқанда, шаруашылықта өнеркәсіптік өңдеуге, яғни чипсы өндіруге жарамды картоп өсіріле бастады. Жиналған өнім арнайы көлікке тиеліп, күн сайын чипс шығаратын кәсіпорынға жөнелтіледі. Биыл шаруашылықта картоп өсіруге 33 гектар жер бөлінді. Қазіргі таңда гектарынан 23-25 тонна өнім алынып отыр.

Өнеркәсіптік өңдеуге арналған картоп тағам ретінде тұтынылатын асханалық картоптан өзгеше. Оны өсіру мен суару технологиясы да басқаша. Атап айтқанда, чипс өндіру үшін құрамында құрғақ зат мөлшері жоғары картоп қажет. Соның арқасында өңдеуден кейін сапалы чипс алынады: картоп тілімдері пішінін сақтап, майды аз сіңіреді әрі құрылымы өзіне тән қытырлақ күйге ие болады. Осыған байланысты біз «ВР 808» орташа ерте пісетін сортын таңдадық. Оның түйнектері домалақ-сопақша пішінді, қабығы мен жұмсағы сары түсті, орташа салмағы 80-109 грамм. Құрғақ зат мөлшері – 21–25%, сақталу деңгейі 95%-ға дейін жетеді. Алайда бізге қазір өнімді ұзақ сақтаудың қажеті жоқ, себебі күн сайын 20–25 тонна өнім алып, бірден өңдеуге жөнелтеміз, – деді «Кеңдала» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Таймыр Маматаев.

Ол қазіргі өнімділік көрсеткіштеріне сүйене отырып, алғашқы тәжірибе оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты шаруашылық бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, картоп егістігінің көлемін келесі жылы 80 гектарға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Шаруашылық алқаптарында картоп жинауға 20-ға жуық адам, қажетті арнайы техника жұмылдырылған. Жалпы, «Кеңдала» шаруа қожалығы 300 гектарға жуық жермен жұмыс істейді. Мұнда картоптан бөлек қант қызылшасы, жүгері, күнбағыс, жоңышқа және басқа да мал азығы дақылдары өсіріледі.

Жалпы, биыл Жетісу облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, картоп өсіруге 6,5 мың гектар жер бөлінді. Бүгінде 4,6 мың гектар немесе алқаптардың 73%-ы жиналды. Жалпы өнім көлемі 125,5 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділік гектарына 222,6 центнерді құрады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.