Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Азия ойындары: Санжар Әділов ММА-дан тарихи қола жүлдені жеңіп алды

21 қыркүйек 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Азия ойындары: Санжар Әділов ММА-дан тарихи қола жүлдені жеңіп алды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Отандық спорт тарихында айтулы оқиға орын алды. Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды. Бұл жетістік ел қоржынына кезекті медальды салып қана қоймай, спорт жылнамасына алтын әріптермен жазылды.

Аралас жекпе-жек өнері Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Санжар Әділов осы халықаралық додада ММА бойынша жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшылардың бірі ретнде тарихқа енді. Жоғары дайындық пен мықты жігердің арқасында отандасымыз Азияның ең үздік жекпе-жек шеберлерімен тең дәрежеде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап шықты.

Аталған дода құрлықтағы ең беделді спорттық жарыстардың бірі саналады. Дүбірлі бәсеке 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя аймағында өтуде. Қазақстан құрамасы үшін бұл жарыс үлкен сынақ әрі өз шеберлігін әлемге паштаудың бірегей мүмкіндігі.

Спорт саласын дамыту мен жас спортшыларды қолдау елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мұндай халықаралық жетістіктер жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жекпе-жек өнеріне деген қызығушылықты арттыруға зор серпін береді. Отандық спортшылардың әлемдік аренада бақ сынауы еліміздің спорттық инфрақұрылымын ары қарай жетілдіруге әрі жаттықтырушылар құрамының кәсіби деңгейін көтеруге жол ашады.

Санжар Әділовтің бұл жеңісі – бүкіл елдің, бапкерлер ұжымының және жанкүйерлердің ортақ қуанышы. Қазақстан құрамасының өзге де өкілдері алдағы бәсекелерде жоғары нәтиже көрсетеді деген сенім мол.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.