Талдықорған: +27°C
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Рухани құндылықты ұлықтады

22.09.2026
КҮНДЕРЕК
Рухани құндылықты ұлықтады

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Жазиралы Жаркент өңірінде «Тіл – ұлттың рухани тірегі» атты апталық аясында көптеген игілікті іс-шара жүзеге асуда.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» деген тақырыпта 18 бен 35 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің арасында байқау өтті.

– Мемлекеттік тілді насихаттауда нақты іс-шаралардың тигізер ықпалы көп екенін байқадық. Біз тек апталық кезінде ғана емес, жыл бойы ұжымдарда өткізілетін мәдени шараларда оларда мәртебелі тілдің шоқтығын айдарлауға ықпал етіп келеміз. Осындай нақты қарекеттердің нәтижесінде жиындарда сөзін қазақ тілінде бастап алып, одан әрі орысша жортатындар азайды, – дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Толқын Көшербаева.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Қоғамдық ортада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңіту, мәртебесін көтеру, жас ұрпақты ұлтымыздың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеуге, сонымен қатар ана тілін өз жандүниесімен сезінуге баулу тіл сарбаздарының басты міндеті.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқау сөзімізге жақсы мысал. Байқау шарты бойынша талапкерлер бірінші кезеңде мемлекеттік тілде бейнебаян түрінде өздерін таныстырды. Екінші кезеңде «Сөздің көркі – мақал» деген тақырыпта ұяшықтарға жасырылған мақалдардың толық нұсқасын тауып, үшінші кезеңде үміткерлер ұяшықтардан ойтүрткі сөйлемдерді таңдап, оларды жүйелеп толықтырудан жарысты.

Бұл жолы аудандық байқауға 10 талапкер қатысты. Ақыл додасы әділқазылар алқасының қадағалауымен ережеге сәйкес өтіп, қатысушылардың дайындығы да жоғары болғаны байқалды.

Көктал ауылдық округіндегі Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Михрай Исрайылова бәрінен оза шауып, байқаудың бас жүлдесін иеленді. I орынды Сарыбел ауылдық округінен қатысқан Шахмұрат Рахмидинов, II орынға белгіленген екі жүлдені Атамекен ауылдық округінен келген Интизар Ашимова мен Бірлік ауылдық округінің Нәдек ауылындағы қазақ отбасының ұйғыр келіні Мубарак Арзиева бөлісті. III орын жүлдесіне Үлкеншыған ауылынан қатысқан Карина Маликова мен Жаркент педагогикалық-гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті Диляра Сетяева ортақтасты.

Байқауға қатысқандардың бәрі де бағалы сыйлықпен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Рухани құндылықты ұлықтады

Рухани құндылықты ұлықтады

22.09.2026
Елімізде кассациялық соттар жұмысының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Елімізде кассациялық соттар жұмысының алғашқы нәтижелері белгілі болды

22.09.2026
Талдықорғанда «Қайнар-АКБ» зауыты 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Талдықорғанда «Қайнар-АКБ» зауыты 50 жылдық мерейтойын атап өтті

22.09.2026
Татулықты ту еткен думан

Татулықты ту еткен думан

22.09.2026
2027 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады?

2027 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады?

22.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.