«Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі құжаттарды өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағытта кәсіпорын басшысымен қолданыстағы ішкі құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс туралы ережеге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығына, сондай-ақ кәсіпорынның өзге де ішкі құжаттары мен рәсімдеріне тиісті өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Аталған жұмыстар кәсіпорынның ішкі актілерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Кәсіпорында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
«Жетісу-Ақпарат»





