Талдықорған: +24°C
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Егіннің есебі – еңбекте

24.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жылдың қомақты жетістігі
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданында биылғы егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданда биыл 55 224 гектарға дәнді дақыл себілген. 21 тамыздағы жағдай бойынша оның 43 996,3 гектары жиналып, жалпы көлемнің 79,7 пайызы орындалған. Орташа өнімділік гектарына 20,9 центнерді құрап, 91 831 тонна астық бастырылды.

– Биылғы егін жинау науқаны жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Қазір негізгі дәнді дақылдардың басым бөлігі жиналды. Шаруашылықтар үшін басты міндет – өнімді ысырапсыз жинап, сапасын сақтап, белгіленген жұмыстарды уақытында аяқтау. Сонымен бірге келесі жылдың қамы да қатар жүріп жатыр. Сондықтан бүгінгі орақпен бірге күзгі дала жұмыстарына дайындықты да назардан шығармаймыз, – дейді Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов.

Ауданда астықтың негізгі түрлері бойынша жұмыстардың дені аяқталуға жақын. Күздік бидай 15 147,3 гектарға себіліп, оның барлығы толық жиналды. Жалпы түсім 31 950 тоннаны құрап, орташа өнімділік гектарына 21,1 центнерден айналды. Өткен жылы бұл дақылдан 27 444 тонна өнім алынғанын ескерсек, биылғы көрсеткіштің көңіл қуантатыны байқалады.

Жаздық бидайдың 1 986 гектары түгел орылып, 3 972,3 тонна өнім жиналды. Гектар түсімі – 20 центнер. Ал ауданның негізгі дақылдарының бірі – жаздық арпа. Биыл 26 118,9 гектарға себілген арпадан барлығы 54 758 тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 21 центнер болды. Сұлының 744 гектары да толық жиналып, 1 138,1 тонна өнім бастырылды. Оның орташа өнімділігі – 15,3 центнер.

Алда жүгері жинау жұмысы. Биыл аудан бойынша жүгері 11 206,8 гектарға себілген. Бұл жалпы дәнді дақылдар егіс көлемінің шамамен 20 пайызын құрайды. Жинау жұмыстары қазан айында басталмақ. Демек, диқанның қырманына құятын астығы әлі бар. Күзгі күннің әр сағаты ерекше бағалы.

Сарқанның ауыл шаруашылығында қант қызылшасының орны бөлек. Биыл аудан бойынша 2 500 гектарға тәтті түбір егілді. «Ақсу Қант» ЖШС жүргізген таксация қорытындысы бойынша қызылшаның орташа өнімділігі гектарына 487,8 центнерден болады деп болжануда. Осы есеппен жалпы 121 951 тонна өнім алу жоспарланған.

Қант қызылшасын жинау 25 қыркүйектен басталуы тиіс. Қазірдің өзінде өнімді зауытқа өткізу графигі бекітіліп, келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл дақылдың бейнеті көп болғанымен берері де мол. Көктемде тұқым себілгеннен бастап, жаз бойы алқапты күтіп-баптаған шаруаның еңбегі енді таразыға түспек.
Ауданда майлы дақылдарды жинау жұмыстары да басталды. Биыл олардың жалпы егіс көлемі 30 748,5 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта 4420,5 гектары жиналып, 14 пайызы орындалды. Орташа өнімділік гектарына 13,6 центнерден келіп, 6 005,1 тонна өнім алынды.

14 772,9 гектарға себілген күнбағыстың 200 гектары жиналып, 260 тонна өнім алынған. Қытай бұршағы 12 584,1 гектарды алып жатыр. Оның 1 420 гектары жиналып, 2 745 тонна өнім бастырылды. Орташа өнімділік – 19 центнер. Ал 3 391,5 гектарға себілген мақсарының 2 800,5 гектары жиналып, 3 мың тонна өнім алынған. Бұл дақыл бойынша жұмыстардың 82,6 пайызы орындалды. Даладағы тіршіліктің тағы бір маңызды бағыты – мал азығын дайындау. Қысқа қамдану – шаруаның жаздан бастайтын міндеті. Сарқан ауданында жемшөп дайындаудың жоспары 284,3 мың тонна болып белгіленген.

Оның ішінде 163,5 мың тонна шөп, 12,3 мың тонна пішендеме, 16 мың тонна сүрлем, 54,3 мың тонна сабан және 38,2 мың тонна жем дайындалуы тиіс еді. Бүгінде бұл жоспар толық орындалған. Көпжылдық шөптен 98 823 тонна, біржылдық шөптен 3 648 тонна өнім жиналды. 12 300 тонна пішендеме, 54 300 тонна сабан, 38 200 тонна жем және 16 мың тонна сүрлем дайындалды. Табиғи шөп шабу жұмыстары да толық аяқталған. Шабылуға тиіс 29 332 гектардың барлығы шабылып, орташа өнімділік гектарына 25 центнерді құрады. Жалпы түсім – 73 330 тонна.

Ауыл шаруашылығында бір жұмыстың соңы – екіншісінің бастауы. Қазір аудан шаруалары астық жинаумен қатар келер жылдың өнімінің негізін қалауға кірісті. Күздік дақылдардың тұқымын тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарланған 3 786,8 тонна тұқымның барлығы тексеріске түскен. Қазіргі таңда 2 458 тоннасы тексеріліп, оның 1 023,8 тоннасы бірінші класқа, 1 434,2 тоннасы екінші класқа жатқызылған. Күздік дақылдарды себу жоспары – 15 147 гектар. Бүгінге дейін 2 мың гектарға тұқым себіліп, жоспардың 13 пайызы орындалды. Ал сүдігер жырту жұмыстары бойынша жоспарланған 23 500 гектардың 12 100 гектары жыртылды. Бұл – 51 пайыз. Минералды тыңайтқышпен қамтамасыз ету де назарда. 2026 жылға 12 511 тонна минералды тыңайтқыш сатып алу жоспарланса, бүгінде 8 412,2 тоннасы алынған. Жұмысқа 86 шаруашылық қатысуда.

Сарқанның сайын даласындағы бүгінгі көрініс – ауыл еңбегінің біртұтас шежіресі іспетті. Бір алқапта комбайндар тынымсыз қозғалып жатса, екінші жерде тұқым себетін техника келесі жылдың қамына кіріскен. Қырманда астық өлшеніп, мал қорасына қысқы азық жиналуда. Егіншілік – табиғатпен тіл табысуды, уақытты дәл бағалауды және тынымсыз еңбекті қажет ететін кәсіп. Сондықтан орақ науқанының әр күні – шаруаның бір жылдық еңбегінің өтеуі.

Сарқан ауданында астықтың негізгі бөлігі қамбаға құйылды. Көкөніс, картоп, бақша дақылдары да толық жиналды. Алда жүгері, майлы дақылдар мен қант қызылшасын жинау секілді жауапты жұмыстар тұр. Қара жерге дән сеуіп, одан өнім алған диқан үшін ең үлкен марапат – еңбегінің ақталғаны. Ал оның берекесі – ел дастарқанындағы несібе.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

24.09.2026
Жылдың қомақты жетістігі

Егіннің есебі – еңбекте

24.09.2026
Заманауи оңалту орталығы

Заманауи оңалту орталығы

24.09.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

24.09.2026
Жеміс  ағаштарын қысқа дайындау

Жеміс ағаштарын қысқа дайындау

24.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.