Талдықорған: +24°C
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өрмекпен өрілген өмір

24.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өрмекпен өрілген өмір
WhatsAppTelegramFacebook

Қолөнер – қолдың ғана емес, көңілдің де еңбегі. Оған асығыстық жараспайды. Жіптің бір талын екінші ұшына жалғап, өрнектің әр иінін келістіріп, қарапайым ши мен жүнге жан бітіру үшін шеберлік пен төзім керек. Текеліде тұратын Қайша МАМЫҚ осындай еңбекті өміріне серік еткен жандардың бірі.

Қолөнерге төрт жасынан араласқан Қайша апайдың алғашқы көргені де, алғашқы үйренгені де – анасы. Қолынан іс келетін шебер анасының жанында жүріп, ұлттық бұйымдардың жасалу жолын көріп өскенін айтады.

Жеті жасында 15 жіптік теру мен бау тоқуды үйренеді. Он тоғыз жасқа дейін қазақтың ұлттық қолөнерінің көптеген түрін меңгеріп үлгереді. Қой жүнінен арқан есу, ши тоқу, өрнек түсіру секілді жұмыстардың қыр-сырына қанығады. Анадан көрген өнеге уақыт өте келе оның өмірлік кәсібіне айналды. Әсіресе, шимен жұмыс істеу арқылы өзіндік қолтаңбасы қалыптасты.

Қазақтың дәстүрлі тұрмысында кең қолданылған табиғи материал ши Қайша апай үшін тек тұрмыстық бұйым жасауға қажетті шикізат емес. Ол ши бойына ою-өрнек, түрлі бейне, тіпті жазу түсіре алады. Шебер күрделі өрнектер мен жануарлардың бейнесін ши бетіне жіппен орап жасайды.

Қызымен бірге Қазақстан картасын жасап, қытайша жазуды ши бойына түсірген шебердің айтуынша, онда «мәдениетті, мұралды, мұратты, тәртіпті болу керек» деген мағына бар. Қазақ халқына қатысты «қуылған шайтанның азғыруынан сақта» деген мазмұндағы жазу да жасаған.

Бұдан бөлек, қой жүнінен анасының қолынан көрген тәсілмен жіптен есіп, тақияға ою салады. Оның бұл өнері сырт көздің де назарын аудартқан. ЮНЕСКО өкілдері шебердің жұмыстарына қызығушылық танытып: «Осы уақытқа дейін мұндай тәсілді ешкімнен көрмедік. Ши тоқуыңыз керемет екен. Біз сізді өз мүшелігімізге аламыз», – деген.

Қолына арнайы мүшелік билеті берілмесе де бұл сөздердің өзі Қайша апайға үлкен қуаныш сыйлаған. Жылдар бойы үнсіз жасалған еңбектің бірауыз сөзбен бағалануы ол үшін үлкен мәртебе.

Қайша Мамықтың өмір жолы жеңіл болған жоқ. Он тоғыз жасынан кейін тағдырдың ауыр сынақтарына тап болды. Жиырма үш жасында құрсағындағы жеті айлық сәбиінен айырылды.

2006 жылы Қытайдың Баркөл ауданынан Қазақстанға қоныс аударды. Жаңа ортаға бейімделіп, тіршілігін қайта бастады. Алайда өміріндегі қиын кезеңдерге қарамастан, қолөнерден біржола қол үзген жоқ. Осы жылдары жан жарының қолдауы оның еңбегіне демеу болды.

– Ши тоқысам, аршып береді. Өрмек тоқысам, арқауымды орап береді. Бір жағыма шығысады, – дейді шебер.

Жасы ұлғайған сайын белі ауырып, көз жанары да әлсірегенін айтады. Сондықтан бұрынғыдай көп уақытын қолөнерге арнау оңай емес. Дегенмен қолына өзіне таныс жіпті алған сәтте көңілі жай табады.

– Әр жасаған затым өзіме дәрі секілді. Осыларды сипасам жаным рақат табады, – дейді Қайша Мамық.

Жасаған бұйымдарының дені жастау кезінде, келіншек шағында дүниеге келген. Сондықтан кейбірінің нақты қай жылы жасалғанын өзі де айта алмайды. Бірақ уақыт өткен сайын олардың әрқайсысы қайта оралмас өмірдің белгісіне айналған.

Қолөнерді кәсіпке айналдыру оңай емес. Бір бұйымға кеткен уақытты есептеу, материалын табу, оны дайындау, соңына жеткізу – бәрі де еңбекті талап етеді.

Қайша апай қазіргі адамдардың қол еңбегіне деген көзқарасына алаңдайды. Оның айтуынша, табиғи жүннің иісін ұнатпайтындар, киіз бен сырмақты «қылшық» деп қабылдайтындар бар. Ал жасаған бұйымдарын тұрақты сатып, одан табыс табуға мүмкіндігі бола бермейді. Тігін машинасы жоқ, үйдің шаруасы тағы бар. Кейде Қытайдан құрақ көрпеге тапсырыс түсетіні болмаса, қолөнерді тұрақты табыс көзі санамайды. Дегенмен оның бұл өнерге қайта оралуының өзіндік себебі бар.
– Қолөнерім өзіммен ғана кетіп қалмасын деп әрі жаңа Қазақстанмен бірге жаңарайын деген оймен ши тоқуды қайта қолға алдым, – дейді ол.

Бұл сөз шебердің өнерге қайта оралуының мәнін айқын аңғартады. Оның мақсаты – бұрынғыны сол күйінде қайталау емес, өзіне берілген мұраны жоғалтпай, кейінгіге жеткізу.

Қайша апайдың шәкірт тәрбиесіне қатысты да өз ұстанымы бар. «Мен саған үйретемін» деп ешкімге қолқа салмаған.
– Шәкірт ұстазды өзі іздейді, – дейді ол.

Алайда өнерге қызығып, іздеп келген адамға білгенін үйретуге дайын. Екі қызы да қолөнерден хабардар. Анасының қасында жүріп, білмегенін үйреніп келеді.

Қайша Мамық 2023 жылдан бастап Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшелігіне өткенін айтады. Қолөнерге қатысты дүниелерін әлеуметтік желілерде бөлісіп жүр. TikTok парақшасында жасаған бұйымдарын көрсетіп қана қоймай, көнеден жеткен сөздерді, өзі білетін қолөнер тәсілдерін де айтып отырады. Бір кездері анасының жанында отырып алған сабағын енді көпшілікке жеткізудің амалын қарастыруда.

– Баяғы он тоғызымды қайтарып әкелгендей болып, қалған ғұмырымда осыны қазақтың қыздарына сіңіріп кетсем деймін, – дейді ол.

Бүгінде Қайша апай үшін басты мәселе – жаңа бұйым жасау ғана емес, өзінен бұрынғы буыннан қалған тәсілді жоғалтпау, кейінгі ұрпаққа түсіндіру, қолөнердің қадірін ұғындыру. Сондықтан оның қолындағы жіптің мәні бір бұйымның шеңберінен әлдеқайда кең. Ол – анадан балаға жеткен дәстүрдің жалғасы, ұрпақтар арасын жалғаған арқау.

Қайша Мамықтың бар арманы да – сол жіптің үзілмей, қазақ қыздарының қолына жетуі.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Заманауи оңалту орталығы

Заманауи оңалту орталығы

24.09.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

24.09.2026
Жеміс  ағаштарын қысқа дайындау

Жеміс ағаштарын қысқа дайындау

24.09.2026
Өрмекпен өрілген өмір

Өрмекпен өрілген өмір

24.09.2026
БҰҰ Бас Ассамблеясы 81-сессиясында жаһандық қауіпсіздік талқыға түсті

БҰҰ Бас Ассамблеясы 81-сессиясында жаһандық қауіпсіздік талқыға түсті

24.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.