Талдықорған: +24°C
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ойы орамды оқушылар

24.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ойы орамды оқушылар
WhatsAppTelegramFacebook

Сөзге тоқтаған елдің ұрпағы ойын ашық айтып, пікірін орнықты жеткізуді қашанда қадір тұтқан. Бүгінде сол үрдістің заманауи жалғасы – пікірсайыс алаңдары. Қала күні қарсаңында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Оқушылар сарайында мектеп пікірсайысшылары және клуб жетекшілерімен жүздесіп, өскелең буынның ой-толғамына құлақ түрді.

Еркін әңгіме сипатында өткен басқосуда жас шешендер шаһардың бүгінгі тынысы мен келешек келбетіне қатысты көкейдегі сауалдарын бүкпесіз ортаға салды. Жастар бастамасы, экологиялық мәдениет, білім беру, қала тазалығы мен Талдықорғанның алдағы өрісі жөніндегі ұсыныстарын айтып, өздері көрген түйткілдің түйінін тарқатудың жолдарын сөз етті.

Жиынға қатысқан Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп- гимназиясының оқушысы Аружан Жарас пікірсайыс қозғалысын одан әрі өрістетудің маңызын атап өтті.

– Балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі жарыстар мен бастамаларға қолдау болса деймін. Білім беру бағытында пікірсайысты дамытуға мүмкіндік мол. Қаламызда отыз мектеп бар. Сол білім ошақтарының арасында пікірсайыс мәдениеті кеңінен қанат жайса, оқушылардың ой-өрісі мен сөз саптауы да шыңдала түсер еді, – дейді.

Жүздесу барысында жас буын тарапынан бірқатар ұтымды бастама ұсынылды. Соның ішінде мектептер арасында «Таза аула – таза қала» жобасын өткізу, оқушылардан құралған «Жас қала кеңесін» жасақтау, жастардың ой-пікірін жинақтайтын «Жастар идеясы» цифрлық алаңын іске қосу және «Талдықорған – 2035: менің қалам» атты идеялар байқауын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Пікірсайысшылардың тағы бір бастамасы – «Талдықорған қаласы әкімінің кубогы» турнирін жылына 2 мәрте тұрақты өткізу. Мұндай додалар жасөспірімнің сөз саптауын шыңдап қана қоймай, қарсы тараптың уәжін тыңдау, дәлел таразылау, ортақ мәмілеге келу мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Кездесуде қала әкімі Ернат Бәзіл де пікірсайыстың мән-маңызына тоқталып, жастардың ұсыныстарын қолдауға әзір екенін жеткізді.

– Пікірсайыс – ойды ашық жеткізіп, қарсы тараптың уәжін тыңдауға, мәселенің шешімін бірлесе іздеуге баулитын маңызды орта. Бүгінгі жастардың қалаға қатысты ұсыныстары біз үшін құнды. Себебі шаһардың ертеңгі тынысы сіздердің бастамаларыңызбен сабақтас. Сондықтан ойларыңызды ортаға салып қана қоймай, оны нақты іске айналдыруға талпыныңыздар. Әкімдік тарапынан мұндай жобаларды қолдауға әрдайым дайынбыз, – деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Бүгінде Талдықорғандағы 27 мектепте 46 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Оның 28-і қазақ, 13-і орыс, 5-еуі ағылшын лигасына тиесілі. Өткір ой мен ұтқыр сөзді серік еткен үйірмелерге барлығы 529 оқушы қатысады.

Қашанда елдің ертеңін сөзге ұста, ойға мығым ұрпақ айқындайды. Бүгінгі пікірсайыс алаңы – сол талапты буынның ойын шыңдап, сөзін салмақтап, қоғамдық іске араласуына жол ашатын орта.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда сирена іске қосылады: Құтқарушылар тұрғындарға маңызды ескерту жасады

Жетісуда сирена іске қосылады: Құтқарушылар тұрғындарға маңызды ескерту жасады

24.09.2026
Талдықорғанда деректі фильмдер көрермен жүрегіне жол тартты

Талдықорғанда деректі фильмдер көрермен жүрегіне жол тартты

24.09.2026
Жетісуда «Қауіпсіздік коды» акциясы басталды: 102, 111 және 150 нөмірлері не үшін қажет?

Жетісуда «Қауіпсіздік коды» акциясы басталды: 102, 111 және 150 нөмірлері не үшін қажет?

24.09.2026
Әлеуметтік қолдау мұқтаждық деңгейіне қарай көрсетіледі

Әлеуметтік қолдау мұқтаждық деңгейіне қарай көрсетіледі

24.09.2026
Серуен мен саяхаттың жаңа мекені

Серуен мен саяхаттың жаңа мекені

24.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.