Талдықорған: +24°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жеңіс жолында

27.09.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жеңіс жолында
WhatsAppTelegramFacebook

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 20-шы Азия ойындарында ел спортшылары күн сайын медаль санын арттырып, жалпы есептегі нәтижені жақсартуда. Атлеттеріміздің жеке көрсеткіші алдыңғы жетістіктен жақсы. Азия ойындарының тарихында қазақстандықтар академиялық ескек есуден алғаш рет алтын алса, спорттық гимнастикадан араға 32 жыл салып сары құрлықтың басты додасында медальға ие болды. Бәсекені тамашалап отырып кей спортшылардың алғашқы аяқ алысына сүйсінсек, жастар арасында жарқырап жүріп, дүрмекке енді қосылғандар мүлт кеткеніне іштей «аһ» ұрасың.

ТАРИХИ МЕДАЛЬ

Ескек есу спорты елімізде кейінгі жылдары кеңінен қанат жайып, қарқын алып келеді. Кезек-кезек салынып жатқан заманауи нысандар мен спортшыларға деген қолдау осы бір спорт түрінің дамуына негізгі себеп. Жүлде алатын спорт түрлерінің тізіміне кіріп, спортшыларымыздың жолына үлкен үмітпен қараймыз. Зор демеудің нәтижесі болар, атлеттеріміз де жерге қаратып жатқан жоқ.

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жұбы Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагарагава халық- аралық регата трассасында академиялық ескек есуден А финалында жеңімпаз атанды. Шешуші бәсекеде қазақстандықтар мәреге 6 минут 25,13 секундта жетіп, 1-орынға ие болды. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен жалпы Азия ойындары тарихындағы Қазақстанның алғашқы алтыны. Ал күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) алды.

Төрт Олимпиада ойындарының, бес Азия ойындарының қатысушысы 33 жастағы Владислав Яковлев:

– Жеңіске жету жолындағы еңбегіміз ақталды. 1000 метрден кейінгі қашықтықтың екінші жартысы біз үшін жеңіл өтті. Қарқын қосып, қарсыластарды қуып жете бастадық. Сол кезде-ақ мәреге жоғары нәтижемен жетуге мүмкіндігіміз бар екенін түсіндік. Барлығы жоспарға сай өтті. Мен үшін бұл – бесінші Азия ойындары. Осыған дейін 4 рет алтын алуға мүмкіндік болмады. 2014 жылы Инчхонда қола жүлдеге ие болғанмын. Кейін жекелей сында өнер көрсетіп, бірнеше рет жүлдеге бір табан жақын болдым. Сондықтан бесінші Азия ойындарымда алтын медаль жеңіп алғанымымызға өте қуаныштымын. Командамызға кеңесші келгелі дұрыс бағытта жұмыс істей бастадық. Нәтижесі, міне! Жарыс бағдарламасы бастапқыда төрт күнге жоспарланған еді. Алайда қазір барлығы 2 күннің ішінде өтіп жатыр. Әрине, бұл оңай емес. Бірақ барлық спортшы бірдей жағдайда болғандықтан бәрі қалыпты, – дейді Владислав Яковлев.

Одан бөлек, Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов 500 метр қашықтыққа каноэде есуден ерлер арасындағы А финалында қола жүлдені еншіледі. Бұл осы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы жеңіп алған екінші медаль. Оған дейін 500 метрге байдарка есуден әйелдер арасындағы жұптық жарыста Ольга Шмелёва мен Татьяна Токарницкая мәреге 1:48.140 уақытында келіп, күміс жүлдеге ие болған. Тағы бір ескекшіміз Артем Матусевич жеңіл салмақтағы жекелей сайыстың финалында 4-орын алды. Қазақстан спортшысы А финалында 2000 метр қашықтықты 7:02.34 уақытта бағындырып, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.

КӨП КҮТТІК

Қазақстанға тағы бір күміс медальді Милад Карими сыйлады. Еркін жаттығудың финалында қазақстандық гимнаст 14,600 ұпай жинады. Жарыста Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло 14,666 ұпаймен жеңіске жетті. Жапониялық Сёма Цукияма 14,566 ұпаймен қола жүлдеге ие болды. Осылайша Қазақстан 32 жылдан кейін Азия ойындарында еркін жаттығудан қайтадан күміс медаль жеңіп алды. Соңғы рет 1994 жылы Хиросимада Сергей Федорченко алған еді.

– Кез келген жүлде мен үшін қымбат. Оның артында орасан зор еңбек жатыр. Бәсеке оңай болған жоқ. Іріктеу кезеңіне қарағанда бүгін жеңіске деген құлшынысым жоғары болды. Алғашқы күндері бәрі ойдағыдай бола бермеді: күрделі элементтерді орындауда қиындықтар болды, соның салдарынан командалық есепте 4-орын алдық. Ал бүгін бәрі ойдағыдай өтті. Бірінші орынға сәл ғана жетпей қалдым. Дегенмен өз жұмысымды атқарып, барымды салдым. Медаль алғаннан кейін ертеңгі жарысқа алаңсыз шығатын болдым. Кермедегі жаттығуда жүлдеге таласуға мүмкіндігім жоғары. Бұл – менің ең мықты тұсым, – дейді Олимпиада комитетіне берген сұхбатында Милад Карими.

Милад Карими үшін бұл – Азия ойындарындағы еркін жаттығудан жеңіп алған алғашқы медаль. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында ол осы бағдарламада 5-орын алған болатын.

ҚУАНЫШ пен ӨКІНІШ

Спортта қуаныш пен өкініштің қатар жүретіні бар. Азия ойындарына қатысып жатқан жас спортшылардың алғашқы қадамын бақылап, олардың нәтижесіне барынша мұқият болдық. Жастар арасында атойлап жүрген атлеттеріміз үлкен додада жеңіске сынық сүйем қалғанда сүрініп, болмаса өзін толық көрсете алмады. Алғашқы бет алысы болғандықтан түсіністікпен қарап, кейінгі сындарда кеткен есесін қайтарып, жіберген қателігінен қорытынды шығарады деп үміттенеміз. Ал, керісінше, сенімді ақтап, күткен олжаны алған спортшыларымыз да бар. Осы тұста семсерлесуден күміс алған 19 жастағы Кирилл Проходовты ерекшелеп жазсақ болады. Ол шпагамен семсерлесуден финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен жеңілді. Қазақстандық спортшы финалға дейін Қытай Тайбэйінің өкілі Илу Гастон Гийомоны 15:14 есебімен жеңіп, одан кейін Азияның екі дүркін чемпионы қытайлық Лань Минхаоны (15:7) ұтты. Айта кетейік, Кирилл Проходов 2026 жылғы Азия чемпионатында командалық сында Қазақстан құрамасымен бірге чемпион атанған. Сол жарыстың финалында Қазақстан Жапонияны жеңіп, Проходов Коки Каноны 9:5 есебімен ұтқан болатын.

– Өзіме көңілім толмады. Қарсыласым өте мықты. Каноның екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы екенін білесіздер. Биылғы маусым ойлағанымнан да жоғары деңгейде өтті. Негізгі құрамда өнер көрсетіп жүргеніме 2 жыл болды. Қазір командаға әбден сіңісіп кеттім. Бәрі ойдағыдай. Ал финалда тәжірибе жетіспеді деп ойлаймын. Қазір тұрақты түрде жарыстарға қатысып, біртіндеп шыңдалып келемін. Бұл жүлденің мен үшін орны бөлек. Жасөспірімдер мен кадеттер арасында жеке де, командалық та жүлде алғанмын. Ал қазір ересектер арасындағы жекелей сында алғаш рет медальға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын, – дейді тілшілерге берген сұхбатында Кирилл Проходов.

Мол үміт күткен спортшыларымыздың бірі – жетісулық ауыр атлет Ақмолда Сайрамкез болған. Ол жас- өспірімдер арасында әлем чемпионы (2019 жылы, 61 келіде), ересектер санатына қосылғаннан кейін Азия чемпионатында күміс медаль алды (2024 жылы Ташкентте 67 келіде). Алайда Жапониядағы Азия ойындарында жолы болмады. Ақмолда 65 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтерудегі алғашқы мүмкіндігінде 130 келіні көтерген. Алайда одан кейін тапсырыс берген 135 келіні екі рет көтере алмады. Ал серпе көтеруде тапсырыс берген салмағын көтеруге үш рет талпыныс жасады, бірақ бірде-бір әрекеті есепке алынбады. Спортшының өтінішінде 173, 174 және 180 келі болды. Нәтижесінде қазақстандық ауыр атлет жарыстың қорытынды хаттамасында 7-орын алды. Айта кетейік, бұл Ақмолда үшін мансабындағы алғашқы Азия ойындары.

Жарыс жолындағы спортшыларымыз әлі де бар. Жеңіс жолында барын салып, ел мерейін өсіреді деген сенімдеміз.

Серік ҚАЛИАСҚАР

Қатысты жаңалықтар

Халықаралық дәрежедегі  кәсіби  шеберлік

Халықаралық дәрежедегі кәсіби шеберлік

27.09.2026
Жеңіс жолында

Жеңіс жолында

27.09.2026
«Менің  погоным» – Асанәлі Әшімовтің әйелі

«Менің погоным» – Асанәлі Әшімовтің әйелі

27.09.2026
Зылиха туралы жыр

Зылиха туралы жыр

27.09.2026
Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

27.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.