Текелі қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде 8 мектепте 798 қызметкердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтар анықталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, қаланың 8 мектебінің ұжымдық шарттары Еңбек кодексінің талаптарына толық сәйкес келмеген. Оларда қызметкерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақырып алған жағдайда, пайдаланылмаған демалыс бөлігінің өтемақысын төлеу туралы ережелер көзделмеген.
– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды. Ұжымдық шарттар заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, тиісті кепілдіктер енгізілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жетісу облысының прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады, – деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.





