Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Орталықтың хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі ұсынған ресми ақпаратта әскери қызметшінің қаза болғаны туралы дерек расталмаған.
Осыған байланысты мамандар әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырады.Сондай-ақ дәйексіз ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.





