Талдықорған: +15°C
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісудағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 700-ден астам жұмыс орны ұсынылып, 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты

30.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісудағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 700-ден астам жұмыс орны ұсынылып, 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Еңбекпен – тәртіпке, тәртіппен – табысқа» атты облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке қорытындысында 400-ге жуық азамат жұмыспен қамту шараларына жолданып, оның ішінде 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 200-ге жуық азаматты субсидияланатын жұмыс орындарына, оның ішінде «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Қоғамдық жұмыстар» жобаларына жолдау жоспарланған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараның басты мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеуші азаматтар арасында тікелей байланыс орнату, лайықты жұмыс орнын табуға көмектесу, сондай-ақ халықтың еңбек құқықтары, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандырылуын арттыру.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев еңбек адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды құндылық екенін атап өтті.

– Еңбек нәтижелі болуы үшін тәртіпті сақтап, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындау керек. «Заң және тәртіп» қағидаты – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, әділдік пен заң үстемдігінің басты негіздерінің бірі. Бүгінгі жәрмеңкенің «Еңбекпен – тәртіпке, тәртіппен – табысқа» деген атауы оның негізгі идеясын айқын көрсетеді. Адал еңбек, тәртіп, заңды сақтау және жауапкершілік – тұрақты жұмыспен қамту мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды шарттары, – деді М. Көлбаев.

Жәрмеңкеде өңірдегі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері, мемлекеттік мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардың ұйымдары бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында өңірдегі 20-дан астам ірі және орта кәсіпорын, Атап айтқанда, «Қайнар АКБ», «Темірбетон», «Метакон», «ALACEM», «JLC Сүт», «ASMA Industrial», Талдықорған кабель зауыты, Көксу қант зауыты, «Алмаз Керамикс» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар.

Жәрмеңкеге қатысушылар компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, еңбек жағдайлары, үміткерлерге қойылатын талаптар, жалақы деңгейі және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Іс-шара барысында мүгедектігі бар азаматтарды, жұмыссыздарды және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағытында жұмыстар жүргізілді. Тұрақты жұмыспен қамту – олардың әлеуметтік бейімделуі мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды факторларының бірі.

Жәрмеңке барысында азаматтарға «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар» жобалары бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін «Мансап компасы» платформасын пайдаланып, кәсіптік бағдар беру бойынша консультациялар берілді. Жастарға Skills Enbek платформасында білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді.

Жұмыс берушілер үшін жәрмеңке әлеуетті қызметкерлермен тікелей байланыс орнатып, қажетті мамандарды іріктеуге мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды.

– Біз екі бос жұмыс орнын: жылу энергетикасы инженері және электргазбен дәнекерлеуші жұмысын ұсынып отырмыз. Мұндай жәрмеңкелер шынымен де нәтижелі өтетінін тәжірибеміз көрсетіп отыр. Мұнда адам бірден бірнеше ұсыныспен танысып, өзіне қолайлы жұмысты таңдай алады, – деді «Талдықорғанжылусервис» КМК маманы Арайлым Мұхамер.

Кейбір қатысушылар үшін мемлекеттік қолдау нәтижелерінің бірі – өз ісін ашу. Мәселен, Ескелді ауданының Абай ауылынан келген жас кәсіпкер Серік Жұмабек өз тәжірибесімен бөлісті. Ол Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, қаражатты мал шаруашылығын дамытуға бағыттаған.

– Бұл қаражатқа үш құлынды бие сатып алып, осылайша жылқы санын көбейттік. Қымыз сатамыз, маусым кезінде саумал сатамыз. Екі көзім де нашар көреді. Соған қарамастан еңбек етуге үйренгенмін, бала кезімнен жылқы бағып келемін. Мұны отбасылық кәсібіміз деуге болады. Грант осы істі әрі қарай дамытуға, өзіміз жақсы көретін жылқы шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қолөнермен де айналысамыз, жүген жасаймыз. Еңбек еткен адам оның жемісін де көреді, – дейді кәсіпкер.

Осылайша, мемлекеттік қолдау азаматтарға жұмысқа орналасу, кәсіби тұрғыда даму және өз кәсібін бастау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Жалпы, облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 789 жұмыссыз азамат қатысты. Олардың ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған 66 азамат және 300-ден астам жас бар.

Атап өтсек, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды және әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсеткен кәсіпорын басшылары Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 700-ден астам жұмыс орны ұсынылып, 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты

Жетісудағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 700-ден астам жұмыс орны ұсынылып, 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты

30.09.2026
«Әділет» партиясының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалі өтті

«Әділет» партиясының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалі өтті

30.09.2026
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

30.09.2026
Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

30.09.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

30.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.