Талдықорған: +26°C
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үздік сынып жетекші анықталды

01.10.2026
КҮНДЕРЕК
Үздік сынып жетекші анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаздықтың салмағы тек білім берумен өлшенбейді. Әсіресе сынып жетекшісі үшін әр баланың мінезін танып, қабілетін байқап, жүрегіне жол табу, сынып ұжымын бір арнаға тоғыстыру, ата-анамен берік байланыс орнату секілді жауапкершілігі мол міндеттер қатар жүреді. Осы еңбектің кәсіби қырын саралап, үздік тәжірибелерді насихаттау мақсатында Талдықорған қаласындағы Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде «Үздік сынып жетекші – 2026» атты облыстық байқау өтті. 

Байқауға аудандық және қалалық кезеңдерден жеңімпаз атанған 10 сынып жетекшісі қатысты. Олар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының намысын қорғады.

Сайыстың басты ерекшелігі қатысушылардың сынып жетекшісі ретіндегі күнделікті еңбегін жан-жақты танытуында болды. Өйткені бүгінгі сынып жетекші тек сынып сағатын ұйымдастырып, құжат жүргізетін маман ғана емес. Ол оқушының тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін тәлімгер, бала мен ата-ана арасындағы алтын көпір, сыныптағы өзара сыйластық пен ынтымақтың ұйытқысы.

Жарыс «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына негізделіп, үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде қатысушылар құндылықтарды күнделікті сынып өмірімен байланыстыра отырып, сынып сағатын өткізді. Бұл кезеңде «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығына басымдық берілді.

«Мен – сынып жетекшімін» деп аталған екінші кезеңде ұстаздар өздерінің кәсіби ұстанымын, тәрбие жұмысындағы негізгі қағидаларын, оқушымен қарым-қатынас тәсілдерін және тәжірибесін таныстырды. Бес минуттық таныстырылым барысында әр қатысушы сынып жетекшілігін өз болмысымен сабақтастыра отырып көрсетуге мүмкіндік алды.

Ал байқаудың үшінші кезеңі «Жобалық идеялар алаңы» деп аталды. Бұл кезеңде ұстаздар нақты қажеттілікке негізделген, мектеп тәжірибесінде жүзеге асыруға болатын авторлық жобаларын қорғады. Оқушы қауіпсіздігі, ата-анамен серіктестік, кәсіби бағдар, патриоттық тәрбие, цифрлық мәдениет секілді бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселелер жобалардың негізгі өзегіне айналды.

Байқау барысында ұстаз еңбегінің тағы бір маңызды қыры өнер арқылы да көрініс тапты. №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары мен Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Қазына» би ансамблінің «Шашу» биі, мектептің вокал тобы орындаған «Ұстазым» әні, «Солнышко» би ансамблінің «Шырайлы бойжеткені», «Унисон» вокалдық тобының «Қазақпын» әні және өзге де концерттік нөмірлер байқаудың мазмұнын өнермен сабақтастырды.

Кәсіби шеберлігін тәжірибесімен ұштастырған қатысушылар арасынан Алакөл ауданы, А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің сынып жетекшісі Мөлдір Түсіпбекова І орынға ие болды. ІІ орынды Көксу ауданы Мұқаншы орта мектебінің сынып жетекшісі Жанар Зейнулда және Панфилов ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектептің сынып жетекшісі Ақерке Бейсбай иеленді. ІІІ орынға Сарқан ауданы №54 орта мектебінің сынып жетекшісі Жадыра Амангелдинова мен Ақсу ауданы Ж. Сыдықов атындағы орта мектептің сынып жетекшісі Алтынай Абдықадыр лайық деп танылды. Сонымен қатар бірқатар қатысушы арнайы номинациялармен марапатталды. Қаратал ауданы Кәлпе орта мектебінің сынып жетекшісі Қуаныш Абдрахманов «Ұрпақ тәрбиесіндегі ұтымды идея», Талдықорған қаласы №22 орта мектебінің сынып жетекшісі Әсем Бегімбетова «Ата-анамен ынтымағы жарасқан» номинацияларын иеленді. Ескелді ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Әйгерім Өкенова «Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз», Текелі қаласы №8 орта мектебінің сынып жетекшісі Айзат Мұқаш «Сынып бірлігін үйлестірген көшбасшы», ал Кербұлақ ауданы Қоғалы орта мектебінің сынып жетекшісі Гүлнар Ақылбекова «Тұлға қалыптастырудағы шығармашыл жетекші» номинацияларымен марапатталды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

01.10.2026
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Жетісуда жүрек-қан тамырларынан болатын өлім-жітім төмендеді

01.10.2026
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

01.10.2026
Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

01.10.2026
Үздік сынып жетекші анықталды

Үздік сынып жетекші анықталды

01.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.