Талдықорған: +24°C
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

01.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады
WhatsAppTelegramFacebook

1-3 қазан күндері Астана әлемдік технология индустриясының орталығына айналады. AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық компания көшбасшыларының, инвесторлар мен кәсіпкерлердің, әзірлеушілер мен стартаптардың, сондай-ақ мемлекет өкілдерінің басын бір алаңда біріктіреді. Форумның басты тақырыбы – Kazakhstan is the Eurasian AI Hub.

Шараға қатысатын спикерлер арасында NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян, Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, Sinovation Ventures пен 01.AI негізін қалаушы Кай-Фу Ли, E-Space негізін қалаушы әрі CEO-сы Грег Уайлер, General Atlantic төрағасы әрі CEO-сы Уильям Билл Форд, Higgsfield AI қосалқы негізін қалаушысы әрі техниологиялық директоры (CTO) Дулат Ерзат және әлемдік технология саласының өзге де өкілдері бар.

Десе де, Kazakhstan is the Eurasian AI Hub – тек форумның тақырыбы ғана емес. Бұл тұжырым ауқымды үдерісті айшықтайды: Қазақстан инфрақұрылым, AI-әзірлемелер, дарындар, технологиялық кәсіпкерлік, инвестициялар мен халықаралық серіктестіктер біртұтас экожүйеге бірігетін ортаны қалыптастырып келеді.

Бүгінде жасанды интеллект жаңа экономикалық инфрақұрылымға айналып келеді. Бәсеке тек жекелеген нұсқалар мен өнімдер төңірегінде ғана жүріп жатқан жоқ. Қазір есептеу қуаты, деректер, мамандар, капитал және технологияны нақты экономикада жұмыс істейтін шешімдерге айналдыру қабілеті шешуші рөл атқарады.

AI-экономикасының негізінде тұтас технологиялық тізбек жатыр: энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылым → есептеу қуаттары мен чиптер → бұлтты технологиялар → деректер мен тілдік модельдер → қолданбалы шешімдер.
Қазақстан базалық инфрақұрылым мен есептеу ресурстарынан бастап деректерге, модельдерге және жасанды интеллектті іс жүзінде қолдануға дейінгі тізбектің барлық деңгейін жүйелі түрде дамытып келеді.

Келесі қадам жасанды интеллект мүмкіндігін өнеркәсіп, энергетика, қаржы, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және креативті индустриялар сияқты нақты секторларда қолдану. Аталмыш салалар үшін жасанды интеллект қазірдің өзінде жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.

Сондықтан бүгінгі басты мәселе – қандай AI-технологиялардың бар екенінде ғана емес, олардың қандай экономикалық нәтиже бере алатынында: өнімділікті арттыру, процестерді өзгерту, жаңа өнімдер жасау және жаңа нарықтар ашу.

AI-экожүйесін дамыту бір алаңмен ғана шектелмейді. AI & Digital Bridge 2026 төңірегінде ауқымды технологиялық күн тәртібі қалыптасуда, ал оның ажырамас бөлігіне айналған AI MONTH –бір ай бойы бүкіл Қазақстан бойынша өтетін бастамалар мен іс-шаралар бағдарламасы.

Ол жаңа AI-дағдыларын енді меңгеріп жүргендерден бастап, төл технологиялық өнімдерін ұсынатын командаларға дейінгі әзірлеушілердің, технологиялық компаниялардың, стартаптардың, бизнестің, студенттер мен кәсіби қауымдастықтарды біріктіреді.
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub тұжырымдамасы үшін дәл осындай кең ауқым аса маңызды: жасанды интеллект тек инфрақұрылым мен ауқымды халықаралық жобалар арқылы ғана емес, бүкіл ел бойынша технологияларды жасап, іске асыратын адамдар мен қоғамдастықтар арқылы қарқын алады.

Жасанды интеллектті дамыту үшін тек есептеу қуаттары ғана емес, технологияларды өнімге айналдыра алатын мамандар да қажет.
Қазақстан AI-құзыреттерді арттыру, кадрлар даярлау, білім беру мен технологиялық индустрияның өзара байланысын нығайту және халықаралық сараптама алмасу жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.
Келесі маңызды қадам – технологиялық кәсіпкерлік. Басты міндет – командаларға өнімді әзірлеуден бастап инвестиция тартып, оны ірілендіруге және халықаралық нарыққа шығуға дейінгі жолдан өтуге мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастыру.

Бұл жерде Astana Hub басты рөл атқарады, ол стартаптарды, инвесторларды, акселераторларды, ірі компаниялар мен халықаралық серіктестерді бір алаңға жинайды. Осылайша дарындар → технологиялар → өнімдер → капитал → жаһандық нарықтар арасындағы тығыз байланыс қалыптасады.

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub тұжырымдамасының тағы бір маңызды құрамдас бөлігі — халықаралық технологиялық ынтымақтастық. Қазақстан жаһандық технологиялық компаниялармен, инвесторлармен, университеттермен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және кәсіпкерлермен байланысты дамытып, бірлескен технологиялық бастамалар мен R&D-ден бастап тәжірибе алмасуға және жаңа әзірлемелерді нарыққа шығаруға дейінгі бағыттарды қамтиды.

Бұл үлгіде Eurasian AI Hub – бұл технологияларды, дарындарды, капиталды және нарықтарды тоғыстыратын орта.

Trusted Kazakhstan: технологиялар сенімнен басталады

Халықаралық технологиялық ынтымақтастық үшін тек инфрақұрылым мен капитал ғана маңызды емес. Сенім де кем түспейтін маңызды фактор болып табылады.

Trusted Kazakhstan тұжырымдамасы Kazakhstan is the Eurasian AI Hub концепциясын толықтырады әрі халықаралық компаниялар, инвесторлар, кәсіпкерлер мен дарынды мамандар үшін сенімді, ашық әрі болжамды орта қалыптастыруға деген елдің ұмтылысын көрсетеді.

Жасанды интеллект дәуірінде сенім мәселесі деректер қауіпсіздігімен, ашықтықпен, технологияларды жауапкершілікпен қолданумен және заманауи реттеуші ортамен тікелей байланысты. Сондықтан жасанды интеллектті дамыту – бұл бір мезгілде технологиялардың, экономиканың және олар дамитын орта сапасының мәселесі болып табылады.

Осы бағыттардың барлығы AI & Digital Bridge 2026 алаңында тоғысады.

Форум халықаралық технологиялық индустрияның, мемлекеттің, инвесторлардың, кәсіпкерлердің, стартаптардың, зерттеушілер мен әзірлеушілердің басын қосады. Іс-шара бағдарламасы жасанды интеллект пен деректерге, инвестицияларға, адам капиталына, халықаралық ынтымақтастыққа, технологиялық кәсіпкерлікке және жаңа технологияларды іс жүзінде енгізуге арналады.

1 қазанда мемлекеттік және халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшыларының қатысуымен жабық форматтағы арнайы бағдарлама жоспарланған. Ал 2-3 қазан күндері билет иелерінің барлығына форум өз есігін айқара ашады.

AI & Digital Bridge 2026 – Қазақстанның аталған экожүйені әлемдік технологиялық қауымдастыққа паш ететін, сондай-ақ жаңа технологиялар, инвестициялар мен халықаралық серіктестіктер төңірегіндегі диалогты әрі қарай жалғастыратын басты алаңы болмақ.

Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.

AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалатын барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен жабылады. Алтын серіктестер — Freedom Банк, Kaspi.kz және «Самрук-Қазына» АҚ. Күміс серіктес – Halyk Bank. Transformation Partner – Beeline Казахстан. Digital Partner – BI Group. Official Airline Partner – Air Astana.

AI & Digital Bridge 2026
2026 жылғы 1-3 қазан
Астана, EXPO ХКО

Қатысты жаңалықтар

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

01.10.2026
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Жетісуда жүрек-қан тамырларынан болатын өлім-жітім төмендеді

01.10.2026
Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

01.10.2026
Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

Еліміздегі титулды клуб логотипін өзгертті

01.10.2026
Үздік сынып жетекші анықталды

Үздік сынып жетекші анықталды

01.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.