Талдықорған: +26°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүгерінің түсімі мол

03.10.2026
КҮНДЕРЕК
Жүгерінің түсімі мол
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданының диқандары жылдың ең жауапты кезеңдерінің бірі – орақ науқанына белсене кірісуде. Қазір жүгері алқаптарында қызу жұмыс жүріп жатыр. Таңның атысынан кештің батысына дейін техника тыным таппайды. Механизаторлар мен шаруалар әрбір минутты тиімді пайдаланып, өнімді уақытында жинап қалуға асығуда.

Панфилов ауданы жүгері өндірісімен танымал өңірлердің бірі. Мұнда бұл дақылды өсірумен шамамен үш мың шаруашылық айналысады. Жүгері алқаптарының жалпы көлемі 25 мың гектарға дейін жетеді.

Биылғы егін жинау жұмыстары да кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Қазіргі таңда жалпы көлемі 62,7 мың гектар алқаптың 13,8 мың гектары жиналған. 104 мың тонна жүгері бастырылып, орташа өнімділік гектарына 75,2 центнерді құрады. Дала жұмыстарына 40 техника, оның ішінде 36 заманауи комбайн жұмылдырылған.

Негізгі салмақ комбайндарға түсіп отыр. Бір жүріп өткенде техника бірнеше жұмысты қатар атқарады: собықты сабақтан ажыратып, дәнін бөліп, арнайы бункерге жинайды. Бұл орақтың қарқынын арттырып, өнім шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Жуырда ғана жайқалып тұрған биік жүгері сабақтарының орны біртіндеп тазарып келеді. Комбайндар қатар-қатар жүріп, собықты сабақтан ажыратып, дәнін бөліп, бункерге жинауда. Бірнеше жұмысты қатар атқаратын заманауи техниканың көмегімен егін жинау науқанын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік бар.

Диқан үшін осы уақыт бірнеше айлық еңбектің қорытындысы. Көктемде жер дайындалып, тұқым себіліп, егіс күтіп-бапталды. Енді сол еңбектің нәтижесін жинайтын кез келді.

Тұрдахун Заитовтың жер өңдеумен айналысып келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт болған. Биыл ол төрт гектар жерге жүгері егіп, шаруашылықта онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Биыл өнім жақсы болды, собықтары да ірі, жүгері бітік шықты. Енді ең бастысы – егінді уақытында жинап алу. Ауа райы әзірге жұмыс істеуге қолайлы болып тұр. Сондықтан бір күнді де бос жібермей, барынша жұмыс істеп жатырмыз. Өзіміздің алқаптағы жұмысты төрт-бес күннің ішінде аяқтаймыз деп отырмыз. Одан кейін қалған өнімді бастыруға жібереміз, – дейді ол.

Жиналған жүгерінің көп бөлігін зауытқа өткізеді. Оларға тиімді тұсы осы. Өйткені өнім бірден әрі қарай өңдеуге кетеді. Орақ аяқталған соң да шаруа қол қусырып отырмайды. Алқапты тазалап, қалған өсімдік қалдықтарын жинау, жер мен техниканы келесі маусымға дайындау жұмыстары басталады.

– Жұмыс біткен соң да шаруа көп. Алқапты тазалаймыз, қалғанын жинаймыз, жер мен техниканы келесі маусымға дайындаймыз. Ауыл шаруашылығында егінді жинап алдым деп жұмысты тоқтатып қоя алмайсың. Бірден келесі жылдың қамын ойлай бастайсың. Көктемде, шамамен сәуір айында қайтадан далаға шығамыз. Жер жыртамыз, тұқым себеміз, егісті қараймыз. Сөйтіп, жыл артынан жыл өтіп жатады, – дейді диқан.

Жиналған өнімді әрі қарай кептіру қажет. Бұл жұмысқа орта есеппен төрт-бес күн кетеді. Кептіріліп, қажетті дайындықтан өткеннен кейін ғана жүгері өңдеу кәсіп-орындарына жөнелтіледі. Қазір алқаптағы жұмыс қызу. Фермерлер үшін әрбір қолайлы күн қымбат. Сондықтан басты міндет – орақты уақытында аяқтап, жиналған өнімді ысырапсыз сақтап, өңдеуге жеткізу. Ал орақ аяқталған соң келесі маусымның қамы басталады. Жер, техника, тұқым, бәрі қайта дайындалады. Көктем шыға диқан тағы да далаға оралады. Жер жыртып, тұқым сеуіп, егісті күтіп-баптайды. Ауылдағы еңбек осылайша жыл он екі ай жалғасып жатады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

03.10.2026
Жүгерінің түсімі мол

Жүгерінің түсімі мол

03.10.2026
Жиын-терін қарқын алды

Жиын-терін қарқын алды

03.10.2026
Бір рет егіп,  бірнеше жыл өнім ал

Бір рет егіп, бірнеше жыл өнім ал

03.10.2026
Қала күніне арналды

Қала күніне арналды

03.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.