Талдықорған: +15°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан ЖИ-ді қауіпсіз дамыту жөніндегі халықаралық шартты қолдауға дайын

02.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан ЖИ-ді қауіпсіз дамыту жөніндегі халықаралық шартты қолдауға дайын
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) медиажобалар бөлімінің басшысы Жанар Тулиндинованың пікірінше, Қазақстан жасанды интеллектіні (ЖИ) қауіпсіз әрі жауапты дамытуға қатысты халықаралық ережелерді қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысуға дайын.

Бүгін Ақордада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасын, яғни ірі технологиялық компаниялардың басшыларымен ЖИ-ді қауіпсіз әрі жауапты дамыту жөніндегі ерікті келісімді қолдады.

Мемлекет басшысы сараптамалық тұрғыдан мұқият зерделегеннен кейін «Вашингтон моделін» БҰҰ қамқорлығындағы халықаралық шарттың ықтимал негізі ретінде қарастыруды ұсынды.

Жанар Тулиндинованың айтуынша, бұл бастаманың стратегиялық маңызы бар. Себебі ЖИ технологияларын әзірлеу жекелеген мемлекеттер мен компанияларда шоғырланғанымен, оларды қолданудың салдары мен ықтимал тәуекелдері ұлттық шекаралармен шектелмейді. Осыған байланысты ЖИ-ді қауіпсіз дамыту мемлекеттер мен технологиялық бизнес арасында келісілген ұстанымдарды қажет етеді.

«Вашингтон моделін» қолдау ерікті міндеттемелерден халықаралық деңгейдегі неғұрлым кең ережелер жүйесіне көшу мүмкіндігін қарастыруға жол ашады.

Қазақстан бұл бағытта сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсынуға дайын. Мемлекет басшысы Кеңес мүшелеріне елдің халықаралық бастамасына қатысты нақты ұсыныстарды қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды. Ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылмақ. Сонымен қатар ЖИ-ді дамыту мәселесі Қазақстанның ішкі экономикалық күн тәртібімен де тікелей байланысты. Кеңестің үшінші отырысында өнеркәсіпті терең цифрлық трансформациялау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Президент келтірген 2026 жылғы БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі есебінің деректеріне сәйкес, ЖИ әлемдік экономиканы өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің қатарына енген. Соңғы бес жылда ЖИ-ге байланысты патенттерге өтінімдердің жалпы көлеміндегі үлесі шамамен үш есеге өскен. Бұл ретте елдер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі технологияларды жедел енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру қабілетіне барған сайын тәуелді болып отыр.

Қазақстан үшін бұл бағыт нақты экономикалық міндеттермен сабақтас. Сегіз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 46 трлн теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібі 8,4%-ға өсті. Өсім қарқынын сақтау еңбек өнімділігін арттыруды, кәсіпорындарды жаңғыртуды және қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейтуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, ЖИ енгізудің негізгі нәтижесі де нақты экономикалық тиімділікпен өлшенуі тиіс.

Мемлекет басшысы цифрландырудың фрагменттелген сипатына да назар аударды. Жекелеген операцияларды автоматтандыру өндірістің қалыптасқан моделін толық өзгерте бермейді. Осыған байланысты Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, негізгі бизнес-процестерді ЖИ негізінде кешенді трансформациялауға болатын кәсіпорындарды анықтау тапсырылды. Табысты шешімдерді кейіннен басқа өндірістерде ауқымдау көзделіп отыр.

Ғылым мен өндірістің байланысын күшейту де маңызды бағыттардың бірі. Qazaq AI Research University зерттеу бағдарламалары экономиканың нақты қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Өзекті міндеттерді өндірістегі жабдықтардың тоқтап қалуы, шығындар мен ақаулар секілді мәселелерді күнделікті көріп жүрген инженерлер, технологтар, шеберлер мен операторлардың қатысуымен анықтау ұсынылды.

Бұл ретте технологиялық командалар үшін идеяны қалыптастырудан бастап, деректерге қолжетімділік, кәсіпорында сынақтан өткізу және экономикалық тиімділікті бағалауға дейінгі толық үдеріс қалыптастырылмақ. Тиімділігі дәлелденген шешімдерді артық келісулерсіз және ұқсас жағдайларда қайта сынақтан өткізбей, коммерциялық қолданысқа жедел енгізу көзделеді.

Осы тұрғыдан алғанда, «Вашингтон моделін» қолдау Қазақстандағы технологиялық жаңғырту үдерісін толықтырады. ЖИ өндіріс пен басқару жүйелеріне неғұрлым терең енгізілген сайын, технологияға деген сенім, қауіпсіздік және оны қолдану жауапкершілігі де маңызды бола түседі.

Қазақстан үшін ЖИ-ді дамыту қағидалары жөніндегі халықаралық диалогқа қатысу технологиялық жаңғыртумен қатар, елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың маңызды бағытына айналып отыр.

Қатысты жаңалықтар

«Вашингтон моделі» БҰҰ шартына қалай айналуы мүмкін

«Вашингтон моделі» БҰҰ шартына қалай айналуы мүмкін

02.10.2026
Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.2026
Тоқаев «Вашингтон моделін» халықаралық шарттың негізі ретінде қарастыруды ұсынды

Тоқаев «Вашингтон моделін» халықаралық шарттың негізі ретінде қарастыруды ұсынды

02.10.2026
Қазақстан ЖИ-ді қауіпсіз дамыту жөніндегі халықаралық шартты қолдауға дайын

Қазақстан ЖИ-ді қауіпсіз дамыту жөніндегі халықаралық шартты қолдауға дайын

02.10.2026
Жетісуда «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті

Жетісуда «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті

02.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.