Бүгінде елімізде туризм саласын дамуға баса мән берілуде. Осыған байланысты соңғы жылдары Жетісу облысына алыс—жақын шет мемлекеттер мен еліміздің өзге өңірлеріннен келетін саяхатшылардың саны артқан.
Мамандардың мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында облыс орталығы Талдықорған қаласына 60 мыңға жуық турист келген. Осы уақыт ішінде келушілерге қызмет көрсету ақысы 713,4 млн теңгені құраған. Осыған сай қазір Жетісу өңірінде туризм саласын дамытуға ерекше ден қойылып, бүгінде халықтың көп баратын орындарының инфрақұрылымдары жаңартылып, ретке келтірілу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
– «Талдықорған қаласы ең үлкен күре жолдың орналасқан көркем шаһарлардың бірі. Жалпы Жетісу жеріне келетін әрбір саяхатшы ең алдымен облыс орталығы Талдықорғанды басып өтетіні белгілі. Соның арқасында биылғы жылдың 9 айында қалаға 60 мыңға жуық турист ат басын тіресе, оның 1300-ге жуығы шет елдік қонақтар. Ал, Талдықорғанда туристтерді қызықтыратын қаланың көрікті орындарынмен қатар «Қызылтас — Тасбақа» қорымы, І.Жансүгіров атындағы мұражайы, М.Тынышбаевтың тарихи өлкетану музейі сынды бірнеше ерекше орындар бар», – дейді қала әкімдігінің өкілі.
Айдын КӘЛІМХАН





