Талдықорған: +15°C
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұстаз еңбегі – ел мерейі

06.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұстаз еңбегі – ел мерейі
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірдің әр аймағынан 500-ден астам педагог қатысқан салтанатты жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, педагог еңбегінің қоғамдағы айрықша маңызын атап өтті.

– Мұғалім – құрметті әрі жауапты мамандық. Осы мүмкіндікті пайдаланып облысымыздың 19 мың педагогіне ұрпақ білімі мен тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы Жетісу облысында соңғы жылдары білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келетінін айтты. Облыс құрылған 4 жыл ішінде 26 жаңа білім беру нысаны салынып, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Бейімделген мектептер саны екі есеге азайған. Сонымен қатар Жаркент қаласы мен Достық ауылында жаңа мектептер ашылып, Рудничный мен Сұптай елді мекендерінде білім ошақтары пайдалануға берілген. Көксай ауылында жаңа мектеп, Білім-инновация лицейінің жаңа ғимараты іске қосылмақ. Үштөбе қаласы мен Балпық би ауылында да жаңа мектептердің құрылысы жүргізілуде. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға да басымдық берілуде. Облыстағы 313 мектептің 255-і ауылдық жерде орналасқан. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі оқушылардың түрлі білім додаларындағы жетістіктерінен де көрінеді. «Мың бала» олимпиадасында 33 жетісулық оқушы жеңімпаз атанып, 14 оқушы еліміздің үздік лицейлерінде тегін білім алуға жолдама алған. Ал халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарда облыс оқушылары 73 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 13 алтын, 28 күміс және 32 қола медаль бар. Мұндай жетістіктің артында ұстаздардың табанды еңбегі тұрғаны сөзсіз. Облыс әкімі өз сөзінде республикалық «Үздік педагог» байқауының грант иегерлерінің есімдерін де ерекше атап өтті.

Бүгінгі ұстазға қойылатын талап жоғары. Заман өзгеріп, білім беру жүйесіне жаңа технологиялар еніп жатқан кезеңде педагог үнемі ізденісте болуы керек. Президенттің жасанды интеллект дәуіріне дайындық жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста 14 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні оқу үдерісінде қолдану бойынша білім алған.

– Ешбір технология мұғалімді алмастыра алмайды. Бірақ технологияны меңгерген мұғалім балаға жаңа көкжиектер ашатыны анық, – деді Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысы сонымен бірге білім сапасын тек оқу көрсеткішімен өлшеуге болмайтынын, мектеп ең алдымен тұлға қалыптастыратын тәрбие ошағы екенін айтты. Осы орайда білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуының маңызы зор. Адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен отансүйгіштік баланың бойына тек сабақ барысында емес, ұстаздың күнделікті ісі мен жеке үлгісі арқылы сіңеді.

Салтанатты шараның ең маңызды бөлігі ұстаздардың еңбегін лайықты бағалап, үздіктерді марапаттау рәсімі болды. Биыл Мұғалімдер күніне орай өңірде ұстаздар мен білім саласының қызметкерлеріне көрсетілген құрмет ауқымды болды. Солардың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін М. Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің мұғалімі Айман Жантлеуоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді.

Жалпы облыс бойынша кәсіби мерекеге орай 350-ден астам марапат табысталды. Мерекелік шарада облыс әкімі Бейбіт Исабаев білім саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген педагогтерге «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «Ыбырай Алтынсарин» медальдерін табыстады. Сондай-ақ кәсіби шеберлігін облыстық байқауларда дәлелдеген педагогтер де марапат төрінен көрінді. «Үздік сынып жетекшісі» аталымында Алакөл ауданындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 8-сынып жетекшісі Мөлдір Түсіпбекова жеңімпаз атанып, 500 мың теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Ал «Үздік балабақша» аталымының жеңімпазы Көксу ауданындағы «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы лайық деп танылып, мекеме меңгерушісі Айнұр Жартыбаеваға 1 миллион теңгелік жүлде табысталса, «Үздік ауыл мектебі» аталымында Кербұлақ ауданындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп үздік деп танылып, мектеп директоры Жанар Жұмажанова 1 миллион теңгелік жүлдеге ие болды. Сонымен қатар «Жетісу ұстазы» облыстық байқауының жеңімпазы атанған Сарқан ауданындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аида Арғынбаеваға да 1 миллион теңге көлемінде сыйлық берілді.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, өнерпаздардың әсем әні мен әсерлі қойылымдары ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Конституция және елдік жауапкершілік

Конституция және елдік жауапкершілік

06.10.2026
Балықтан басталған бизнес

Балықтан басталған бизнес

06.10.2026
Қазақстан технологиялар мен инвестициялар орталығына айналуда: AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы

Қазақстан технологиялар мен инвестициялар орталығына айналуда: AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы

06.10.2026
84 медаль, әлемдік рекорд және тарихи жеңістер

84 медаль, әлемдік рекорд және тарихи жеңістер

06.10.2026
Президент Оман сұлтанын күтіп алды

Президент Оман сұлтанын күтіп алды

06.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.