Талдықорған: +15°C
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Газды ауылдағы газсыз үйлер

06.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Газды ауылдағы газсыз үйлер
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданының Матай Байысов ауылында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 14 тұрғын үй 2025 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы алынды. Алайда ауылдың негізгі газ желісі 2024 жылы іске қосылғанына қарамастан жаңадан алынған бұл үйлер газға қосылмаған, қатты отын жағатын пешпен жылытылады. Бұған қоса, тұрғындар төрт үйде құрылыс сапасына қатысты кемшіліктер барын айтып отыр. Ал аудандық құрылыс бөлімі бұл үйлердің жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанын, техникалық қадағалау жүргізілмегенін және қабылдау тәртібіне қатысты қосымша нақтылауды қажет ететін жағдайлар барын мәлімдеді.

Бұл деректер бір қарағанда тұрғын үй мәселесі болып көрінгенімен шын мәнінде бюджет қаржысын жоспарлау, инженерлік инфрақұрылым, құрылыс сапасы, қабылдау рәсімі және мемлекеттік жауапкершілік түйісетін күрделі жайтты көрсетеді.

Кез келген әлеуметтік жоба тек қаржы бөлініп, нысан салынып, кілті табысталған сәтте аяқталмайды. Оның шынайы нәтижесі тұрғын сол үйге кіріп, қыстан аман шығып, инженерлік желілерін пайдаланып, қауіпсіз әрі қалыпты жағдайда өмір сүре бастағанда ғана көрінеді. Матай Байысов ауылындағы 14 үйдің қазіргі жағдайы дәл осы тұрғыдан қарауды қажет етеді.

Әлеуметтік тұрғын үйлер 2025 жылы сатып алынған. Яғни уақыт жағынан қарасақ, алдымен елді мекенге газ келді, содан кейін бір жылдан соң осы ауылдан әлеуметтік тұрғын үйлер алынды. Бірақ сол үйлердің техникалық сипаттамасында жылыту жүйесі «Қатты отынмен пештік жылыту» деп көрсетілген. Құжатта үйдің электрге, суға, кәрізге немесе септикке қосылуы, санитарлық талаптарға сәйкесі, аумағының қоршалуы, көмір мен отынға арналған орынның болуы сияқты талаптар нақты жазылған. Ал газбен жылыту қарастырылмаған. Демек, мәселе «газ неге тартылмады?» дегеннен ғана тұрмайды. 2025 жылы жаңа әлеуметтік үйлерді сатып алу кезінде 2024 жылы іске қосылған ауылдың газ инфрақұрылымы неге бастапқы шешімнің құрамына кірмеген?

Мұнда бірден «заң бұзылды» деп кесіп айтуға негіз жоқ. Себебі қолданыстағы 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы әрбір жеке үй міндетті түрде газбен жылытылуы керек немесе, керісінше, қатты отынмен жылытылуы тиіс деген талап қоймайды. Бірақ тұжырымдаманың жалпы бағыты тұрғын үй қорын дамыту мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды қатар жаңғыртуға бағытталған. Сондықтан Матай Байысовтағы жағдайдың заңдық бағасынан бұрын жоспарлау логикасын түсіну маңызды. Егер газ желісі салынып жатқан немесе салынып қойған ауылға жаңа үйлер бой көтеретін болса, олардың инженерлік шешімі сол ин-фрақұрылыммен қалай үйлестірілгені жобалау кезеңінде-ақ анықталуы тиіс емес пе еді?

Ескелді ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айдар Нүсірбаевтың айтуынша, Матай Байысовтағы негізгі газ желісінің жобалаушысы мен тапсырыс берушісі облыстық энергетика басқармасы болған. Газ желісі ауылдағы сол кездегі бар үйлерді негізге алып жүргізілген. Ал жаңа үйлер орналасқан аумақта сол шақта бос жер, яғни егістік болған. Оның түсіндіруінше, үйлер салынған кезде бұл көше бойында магистральды газ желісі болмаған, тек су желісі болған.

Бұл уәжді ескермеуге болмайды. Бірақ тағы бір маңызды мәселе бар: үйдің құрылысы мен оның инженерлік инфрақұрылымы бір-бірінен бөлек қарала ма, әлде жаңа тұрғын үй салынатын аумақтың келешектегі ин-фрақұрылымы алдын ала есепке алына ма? Мемлекеттік тұрғын үй саясаты тұрғысынан бұл жай ғана техникалық мәселе емес. Себебі жаңа үйдің құнына тек қабырға, шатыр, есік-терезе кірмейді, өмір сүруге сай су, кәріз, электр, жылу және газ секілді жүйелермен бірге қалыптасады. Сондықтан Матай Байысовтағы 14 үйдің мәселесі «Үйдің бағасы қанша?» деген сұрақтан «Үйдің толық құны қанша?» деген сұраққа ауысады.

Тұрғындардың айтуынша, әр баспананың құны шамамен 21 миллион теңге. Үйлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалға берілген, тұрғындар ай сайын 18 мың теңге көлемінде төлем жасайды. Егер 21 миллион теңге көрсеткіші осы үйлердің нақты сатып алу бағасы ретінде құжатпен расталса, 14 үйдің жиынтық құны шамамен 294 миллион теңгеге жетеді. Бұл аз ақша емес. Сондықтан мемлекеттік сатып алынған нысанға баға бергенде оның тек сатып алу құнын емес, кейін пайда болатын қосымша шығындарын да есептеу орынды.

Мысалы, газ мәселесін шешу үшін газ компаниясы есептеген сома 3 миллион 800 мың теңге. Аудандық бөлім басшысының айтуынша, бұл қаражат негізгі газ желісін жүргізуге қажет. Ал 11 үйдің тұрғындары бастапқыда бұл соманы өзара бөліп төлеуді қарастырған. Бір үйге шамамен 300 мың теңгеден келуі мүмкін деген есеп болған. Бірақ кейін газдың үйге жеке кіргізілуі, қажетті жабдықтар мен қазандық немесе плита шығындары қосылғанда мәселе әлдеқайда қымбатқа түсетіні белгілі. Міне, осы жерде әлеуметтік тұрғын үйдің негізгі мәні қайта алдыңғы орынға шығады. Мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға баспана беріп отырып, сол баспананың ең қажетті инженерлік инфрақұрылымын кейін сол азаматтардың өзіне қаржыландыруды ұсына ала ма? Бұл сұраққа бір ғана аудан емес, облыс деңгейінде нақты жауап қажет. Өйткені тұрғын үйдің бастапқы бағасы 21 миллион теңге болып, кейін оның қалыпты пайдаланылуы үшін тағы жүздеген мың немесе миллиондаған теңге қажет болса, сатып алу құны мен нақты әлеуметтік құнының арасында айырмашылық пайда болады.

Газ мәселесінде тағы бір назар аударатын жайт бар. Тұрғындар бастапқыда газ құбырына қатысты 700-800 мың теңге көлеміндегі сома айтылғанын жеткізеді. Кейін нақты есепте 3,8 миллион теңге шыққан. Айырмашылық бірнеше есе. Тұрғындардың айтуынша, осыдан кейін бірқатар азамат «әр үйден ақша жинайық» деген ұсыныс жасаған. Бірақ кейін оның тек негізгі желі екені, ал әр үйді жеке қосу мен газ жабдығын орнату бөлек шығын екені анықталған. Мұнда мәселені тұрғындарға «Ақша төлеуге дайынсыңдар ма?» деген қарапайым сұрақпен шектеуден гөрі алдымен мынадай құжатпен анықталуы керектей: 3,8 миллион теңге нақты қандай газ құбырына арналды, оның тапсырыс берушісі кім, жобасы бар ма, сметасы қалай жасалған, желінің меншік иесі кім болады, бұл қандай инженерлік инфрақұрылым санатына жатады, оны бюджеттен қаржыландыруға қандай құқықтық және жобалық негіз бар, тұрғындардың қаражаты қажет болса, ол қандай келісім негізінде жиналмақ?

Жеке үйдің ішкі газ жабдығына байланысты меншік иесінің шығыны болуы мүмкін. Бірақ бірнеше үйге ортақ негізгі желінің қаржыландырылуы мен меншік мәртебесі бөлек мәселе. Сондықтан тұрғындардың «бізге магистральды құбырды да өздерің төлеңдер» деген түсінікпен ғана шешім қабылдауы дұрыс емес. Оның нақты құқықтық және қаржылық негізі құжат арқылы түсіндірілгені жөн.

Қазір аудан әкімдігі облыстық деңгейге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және газ желісін жүргізуге бюджет қаражатын бөлу жөнінде өтінім бергенін мәлімдейді. Бұл мәселені тұрғындардың мойнына біржола артып қоймай, бюджет арқылы шешу жолы қарастырылып жатқанын көрсетеді. Алайда оның қашан іске асатыны бөлек сауал болғанымен қыстың қашан келетіні белгілі.

Әлия Дүйсенбекова бұл үйді сегіз жыл кезекте тұрып алған. Жұмыс істемейді, екінші топтағы мүгедек баласы бар. Үйге көшкеніне үш ай болған. Оның айтуынша, баспана алғанына қуанышты болғанымен қатты отынмен жылыну күнделікті тұрмысты қиындатып отыр.

Көмірді пешке аз-аздан салып отыру керек. Әлияның сөзінше, түнде үйден шығып кету немесе пешті ұзақ уақыт бақылаусыз қалдыру қиын. Ал көмірді шамадан тыс салса, пешке қатысты қауіп те бар. Бұл тұрғыда оның алаңы орынды.

Қалай дегенмен әлеуметтік тұрғын үйдің техникалық сипаттамасында «қатты отынмен жылытылады» деп жазу жеткіліксіз. Ол жүйені пайдаланатын адамның әлеуметтік жағдайы да ескеріле ме? Мүгедектігі бар адамға, көпбалалы жалғызбасты анаға немесе егде тұрғынға тәулігіне бірнеше рет көмір жағып, күл шығарып, пеш бақылау жай ғана «жылыту тәсілі» ме, әлде қосымша әлеуметтік жүк пе? Бұл сұрақты техникалық сипаттама ғана емес, әлеуметтік саясат тұрғысынан да қараған абзал.

Газ деген мәселенің бір қыры ғана. Тұрғындар 14 үйдің төртеуінде құрылыс сапасына қатысты түрлі кемшілік бар екенін де айтты. Солардың бірі Мұрат Кенжеғарановтың айтуынша, зайыбына көпбалалы отбасы ретінде берілген үйге көшкеннен кейін пеш пен септикке қатысты мәселелер байқалған. Оның сөзінше, бұл жөнінде компания өкілдеріне де, коммуналдық сала қызметкерлеріне де айтылған. Компания тарапынан кемшіліктерді түзетуге уәде берілген. Төрт үйдегі тағы бір тұрғынның үй іші дымқылданып үлгеріпті.

Дәл осы тұста мемлекеттік сатып алу құжатындағы бір маңызды талап еске түседі. Техникалық ерекшелікте үйдің тұруға дайын болуы, жөндеуді қажет етпеуі, инженерлік жүйелерінің жұмыс істеуі, санитарлық және техникалық талаптарға сай болуы көрсетілген. Құжатта үйді қабылдау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетіні де жазылған. Сондықтан «ұсақ кемшілік» пен «үйдің пайдалануға жарамдылығына әсер ететін кемшілік» ұғымдарын ажырату керек. Есіктің бірнеше күннен кейін жөнделуі бір мәселе болса, пештің, септиктің, жылу сақталуының немесе үйдің ылғалдануы басқа деңгейдегі талап.

Тұрғын үй саясатының мәні төрт қабырға беру емес, адамның сол төрт қабырғаның ішінде қауіпсіз, жылы, санитарлық талапқа сай жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Абай айтқандай, естігенді, көргенді «ескеру» өткеннен сабақ алу деген сөз.

Зерттеу барысында назар аудартатын ең маңызды мәліметтердің бірі аудандық бөлім басшысының үйлердің құжаттамасына қатысты жауабы. Оның сөзінше, 14 үй бойынша толық жобалық-сметалық құжаттама болмаған. Үйлер архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы мен эскиздік шешім негізінде салынғаны айтылды. Бұған қоса нысандарда техникалық қадағалау болмаған және қабылдау кезінде негізінен визуалды қарау жүргізілген.

Осы орайда «Мемлекеттік қаражатқа сатып алынған әлеуметтік тұрғын үйдің сапасын кім және қандай құжатпен бақылаған?» деген сұрақтың туындауы заңды. Оның үстіне қабылдау рәсіміне қатысты да түсіндіруді қажет ететін қарама-қайшылық бар. Бөлім басшысының бір жауабында қабылдау комиссиясында сәулет саласынан бір адамның болғаны айтылса, кейін «Үйлерді қабылдап алғанда комиссия мүлдем болмаған» деген мазмұнда пікір білдірілді. Екі мәлімет бір-біріне сәйкес келмейді. Сондықтан мәселені сөзбен емес, қабылдау актісі, комиссия құрамы, қол қою парақтары, техникалық құжаттар және нысанды қабылдау негіздері арқылы нақтылауды қажет етеді. Себебі әлеуметтік үйдің тағдыры «көзбен қарап, жарайды» деген бағамен емес, құжатпен бекітілуі тиіс.

Аудандық бөлімнің мәліметінше, 14 үйдің 10-ын «Smart Strou group» ЖШС, қалған 4 үйді «Big Company» ЖШС салған. Бұл дерек те зерттеудің жеке бағыты болуға тиіс. Өйткені тұрғындар көтеріп отырған сапа мәселесі төрт үйге қатысты болса, олардың қай компания салғаны, құрылыс жұмыстары қандай шартпен жүргізілгені, төлем қалай жасалғаны, кепілдік міндеттемелері қандай екені салыстырылып қаралуы керек. Егер кемшілік белгілі бір мердігер салған үйлерде ғана шоғырланса, бұл бір мәселе. Ал егер екі мердігердің үйлерінде де ұқсас ақаулар болса, онда мәселенің түпкі себебін тек мердігерден емес, техникалық талаптарды қалыптастырудан, жобалаудан және қабылдау жүйесінен іздеу қажет. Сондықтан мұнда «Қай компания кінәлі?» деген сұрақтан бұрын «Құрылыс сапасын бақылаудың қай кезеңінде ақауды анықтайтын тетік жұмыс істеуі керек еді?» деген сауал маңыздырақ. Мемлекет үйді сатып алды. Бірақ оның ертеңгі шығынын кім есептеді? Матай Байысовтағы жағдайдың ең маңызды қыры осында. Үйді сатып алудың біркүндік қаржылық есебі бар болғанымен тұрғын үйдің 10-20 жылдық пайдалану шығыны есептелді ме? Егер ауылда газ бар болса, бірақ жаңа үйлер көмір жағатын пешпен жабдықталса, онда тұрғын көмір сатып алады, оны жеткізеді, сақтайды, пеш жағады, күл шығарады. Ал кейін газ тартылса, тағы да құбыр, жабдық, қосу, қазандық немесе плита мәселесі пайда болады. Демек, бастапқыда «үйдің бағасына» кірмеген шығын кейін тұрғынның қалтасына түсуі мүмкін. Мемлекеттік жобаның тиімділігін бағалағанда осы шығындардың барлығы ескерілуі керек. Басқаша айтқанда, 294 миллион теңге шамасындағы үй сатып алынды ма, әлде осы қаражатқа тұрғын үй мәселесінің тек алғашқы бөлігі ғана шешілді ме? Бұл сұрақтың нақты жауабы үшін әр үйдің сатып алу құны, жер телімі, инженерлік инфрақұрылымы, кейінгі газдандыруға қажетті қаражат, кепілдік жөндеу шығындары және тұрғындардың міндетті төлемдері бір есепке біріктірілуі керек. Сонда ғана жоба өзінің шынайы құнын көрсетеді.

Мақаланы жазудағы мақсат тұрғын үйді салған немесе сатып алған адамдарды кінәлі ету емес.Тұрғындардың да, мердігердің де, мемлекеттік органның да ұстанымы құжатпен тексерілуі тиіс. Бірақ қазір қолдағы мәліметтердің өзі облыс және аудан әкімдігі деңгейінде нақты жауапты қажет ететін бірнеше мәселені көрсетіп отыр. Біріншіден, 2024 жылы газға қосылған Матай Байысовта 2025 жылы сатып алынған 14 үйдің газсыз жобалануы мен қабылдануы қалай негізделгенін түсіндіру қажет. Екіншіден, 3,8 миллион теңгелік негізгі газ желісінің нақты жобасы, сметасы, тапсырыс берушісі мен қаржыландыру көзі ашық көрсетілуі керек. Үшіншіден, тұрғындардан қандай да бір қаражат жинау қажет болса, оның заңдық негізі, төлем көлемі және кімнің меншігіне өтетін инженерлік желі үшін төленетіні түсіндірілгені жөн. Төртіншіден, 14 үйдің барлығына тәуелсіз техникалық тексеру жүргізіліп, пеш, мұржа, септик, жылу сақталуы, есік-терезе, қабырға, еден және басқа конструкциялық элементтердің жағдайы актімен анықталуы керек. Бесіншіден, үйлердің қалай қабылданғанын көрсететін қабылдау актілері мен комиссия құрамына қатысты құжаттар нақтылануы қажет. Алтыншыдан, екі мердігер салған 14 үйдің сапасына салыстырмалы тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің кепілдік міндеттемелеріне сәйкес қалай және кімнің есебінен түзетілетіні нақты белгіленуі керек. Бұл артық талап емес, бюджет қаржысына алынған әлеуметтік тұрғын үйдің қалыпты өмір сүру цикліне қойылатын ең қарапайым тәсіл.

Матай Байысовтағы жағдайды тек бір ауылдың немесе 14 отбасының мәселесі деп қарауға болмайды. Аудандық бөлімнің айтуынша, 2024 жылдан бастап осындай тәсілмен облыстың әр аудандарында әлеуметтік тұрғын үйлер салынып, кейін мемлекет тарапынан сатып алынатын бағдарлама іске асып келеді. Оның шеңберінде 110 үй пайдалануға берілгені айтылды. Егер бұл механизм кең көлемде қолданылып жатса, Матай Байысовтағы тәжірибе бір реттік жағдай ретінде емес, басқа ауылдардағы жаңа әлеуметтік үйлерді қабылдау сапасын қайта қарауға себеп болатын дабыл ретінде қабылдануы тиіс. Өйткені бір ауылда газ мәселесі көтерілсе, басқа ауылда жылу, үшінші жерде су, төртінші жерде септик мәселесі шығуы мүмкін. Мұның бәрінің түбірінде: «Біз әлеуметтік үйдің өзін сатып алып жатырмыз ба, әлде адамға өмір сүруге қажетті толыққанды ортаны ма?» деген сауал жатқандай.

Тұрғын үй саясатының мәні төрт қабырға беру емес, адамның сол төрт қабырғаның ішінде қауіпсіз, жылы, санитарлық талапқа сай жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік жасау. Абай айтқандай, естігенді, көргенді «ескеру» өткеннен сабақ алу деген сөз. Матай Байысовтағы 14 үйге қатысты жағдай да дәл осындай сабақты талап етеді.
Бір жыл бұрын газ келген ауылда жаңа үйлердің газсыз қалуы жай ғана техникалық сәйкессіздік пе, әлде жоспарлау жүйесіндегі олқылық па? Құны ондаған миллион теңгеге бағаланған үйдің кейін тұрғынға қосымша шығын әкелуі бастапқы есептің толық жасалмағанын көрсете ме? Техникалық қадағалаусыз және толық жобалық құжаттамаға қатысты сұрақтар бар жағдайда қабылданған нысанның сапасына кім түпкілікті жауап береді? Бұл сауалдарға тұрғындардан тағы да шыдам сұрап емес, құжатпен, нақты мерзіммен және нақты шешіммен жауап беретін уақыт келді. Себебі әлеуметтік үйдің кілтін тапсыру тек жұмыстың соңы емес. Шын мәнінде, сол кілттің ар жағында мемлекетке деген сенімнің есебі басталады…

P.S. Мәселенің аудандық деңгейдегі жай-жапсарын нақтылау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әлібек Әділбаевтың да пікірін білдік. Ол да 14 үйдің жобасында бастапқыдан көмір жағатын пеш қарастырылғанын айтты. Қазір тұрғындардың өтініші негізінде газға қосу құны есептеліп, облысқа бюджеттік өтінім жолданған. Мәселе алдағы мәслихат сессиясында қаралмақ.
Ал Матай Байысов ауылы қарайтын Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдігіне хабарласып, тұрғындардың көтерген мәселесіне қатысты пікірін сұрадық. Бұл тұста біз үшін бір нәрсе маңызды болды: мәселенің нақты қай органның құзыретінде екенінен бұрын халықтың мәселесі қай деңгейде болса да назардан тыс қалмауы керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің халықпен тікелей жұмыс істеп, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асуы маңызды екенін атап өткен. Әкімнің барлық мәселені өзі шешуі міндет емес. Бірақ ауылдағы мәселені тыңдап, тиісті орынға жеткізіп, оның шешілу барысына ықпал ету жергілікті басқарудың халықпен байланысын айқындайтын көрсеткіш. Байысовтағы 14 үйдің жағдайы да осыны аңғартады. Құзырет бірнеше мекемеге бөлінуі мүмкін, бірақ тұрғынның мәселесі сол мекемелердің арасында жоғалмауы тиіс.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Президент Оман Сұлтанын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Президент Оман Сұлтанын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

06.10.2026
Құрыш білек, қайсар рух

Құрыш білек, қайсар рух

06.10.2026
Газды ауылдағы газсыз үйлер

Газды ауылдағы газсыз үйлер

06.10.2026
Уақытылы рәсімдеудің маңызы

Уақытылы рәсімдеудің маңызы

06.10.2026
Есірткіге қарсы күрес керек

Есірткіге қарсы күрес керек

06.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.