Талдықорған: +13°C
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәлімді тәрбие берген

06.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тәлімді тәрбие берген
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаздықты мамандық деп таңдау бір бөлек, оны өмірлік мұратқа айналдыру бір бөлек. Ал сол жолды ұрпақтан ұрпаққа жалғау кез келген әулетке бұйыра бермейтін үлкен абырой. Оразалиндер әулеті үшін ұстаздықтың мәні осында. Бұл шаңырақта мұғалім болу – отбасылық өнеге, өмірлік ұстаным, кейінгіге қалатын аманат іспетті. Аталған әулеттің педагогикалық өтілі бүгінде 192 жылға жуықтап отыр.

Осынау сабақтастықтың бастауында Бейсебек Оразалин тұр. Бейсебек ақсақал Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін де, соғыстан кейін де білім саласында еңбек етіп, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнады. Зейнет жасына жеткеннен кейін де қол қусырып отырмай, ағартушылық жолдан алыстаған жоқ. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдаған жанның еңбегі кейін өз ұрпағының тағдырына айналды.

Жауынгер ұстаздың ұлы Мэлс Оразалин әке жолын жалғап, Алматы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түседі. Сол жерде өзінің болашақ жары Набизамен танысады. Екеуінің тағдырын табыстырған орта кейін ортақ өмір жолына айналды. Бір шаңырақта ғана емес, бір мектепте де қатар еңбек етеді.

Набиза Жандыбаева үшін математикаға деген қызығушылық бала кезінен басталған.

– Мен кішкентайымнан математикаға жақын болдым. Сабақты жақсы оқыдым. Әкем де математик еді, ағамның да бұл салаға бейімі бар болатын. Сондықтан ұстаздықты таңдау мен үшін кездейсоқ шешім болған жоқ. Мектеп қабырғасында жүрген кезімнен мұғалім болуды армандадым. Кейін осы арманым жетелеп, математика пәнінің мұғалімі атандым. Университетте болашақ жарым Мэлспен таныстым. Екеуміздің отбасын құруымызға да, кәсіби жолымыздың тоғысуына да осы оқу ордасының әсері зор болды. Біз бірге 52 жыл ғұмыр кештік, бір мектепте қатар еңбек еттік, – дейді Набиза апа.

Набиза Жандыбаева мектепте 33 жыл еңбек етсе, жұбайы Мэлс Оразалин 43 жылын ұстаздыққа арнады. Бірақ олардың өміріндегі ең үлкен мектебі мектеп қабырғасымен ғана шектелген жоқ. Олар бес баланы тәрбиелеп өсірді. Сол бес перзенттің үшеуі әке мен ананың кәсіби жолын таңдады.

Үлкендердің жолын жалғағандардың бірі – Алмабек Оразалин. Ол ширек ғасырға жуық уақыттан бері математика пәнінен сабақ беріп келеді. Мектептерде, колледждерде еңбек еткен ол бүгінде Көксу ауданының Айнабұлақ стансысындағы №12 орта мектепте шәкірт тәрбиелеп жүр.

– Менің мамандық таңдауыма ата-анамның ықпалы ерекше болды. Олар мен үшін ұстаздықтың қандай болатынын сөзбен емес, өз еңбегімен көрсетті. Үйде де, мектепте де олардың балаға деген жауапкершілігін көріп өстім. Сондықтан мамандық таңдайтын кезде жүрегім ата-анамның жолына жетеледі. Бүгінде балаларға сапалы білім беріп, жақсы тәрбие беруге тырысамын. Ұстаз үшін шәкіртінің жетістігін көруден асқан қуаныш жоқ, – дейді Алмабек Оразалин.

Ұстаздықтың тағы бір ерекшелігі де осында. Бір адамның таңдауы екінші бір адамның тағдырына әсер етпек. Алмабектің өзі ата-анасының жолын жалғаса, оның жары Назгүл де педагогиканы өмірлік кәсібіне айналдырған. Бүгінде ерлі-зайыпты екеуі бір мектепте еңбек етеді. Алмабек шәкірттеріне математикадан білім берсе, Назгүл бүлдіршіндердің тәрбиесімен айналысады.

Әулеттің кейінгі буынында педагогикалық жолды таңдағандардың бірі – Алтынай Мэлс. Ол да бала кезінен ұстаздар отбасында өсіп, мамандық таңдауда екі бағыттың арасында ойланады. Бірі өзіне бала кезінен жақын мұғалімдік болса, екіншісі адам жанын түсінуге мүмкіндік беретін психология саласы еді. Ақыры ол психологияны таңдады.

– Мен педагогтер отбасында өстім. Бала кезімнен мұғалім болуды қаладым. Бірақ кейін «психолог» мамандығына да қызығушылығым оянды. Өзіме жаңа бағытты байқап көргім келді. Сондықтан психология факультетіне түсіп, оқуымды аяқтаған соң мектепке педагог-психолог болып орналастым. Қазір осы салада үшінші жыл жұмыс істеп келемін. Кейде бала ішкі жандүниесін ашып, саған сенім білдірген сәт болады. Сондай кезде сенің бір адамға қажет екеніңді сезінесің. Бұл мамандықтың ең үлкен мәні де осында деп ойлаймын, – дейді Алтынай.

Оразалиндер әулетінің тарихына үңілсек, мұнда ұстаздық бір буыннан екінші буынға жай ғана кәсіп ретінде берілмегенін, әр ұрпақ оны өзінше жалғастырып, өзінше жаңғыртқанын бажайлаймыз. Бірі математикаға сүйеніп, балаға білім берді. Екіншісі психология арқылы оқушының жандүниесіне үңілді. Үшіншісі кішкентай бүлдіршіндердің тәрбиесіне ден қойды. Бірақ бәрінің мақсаты бір. Ол – адам тәрбиелеу. Бәлкім, ұстаздықтың ұлы мәні де осында шығар?! Білім беру арқылы адамға жол көрсету, ал тәрбие арқылы сол жолдан адаспауға бағыт беру.

Бейсебек Оразалиннің осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын бастаған жолы бүгінде үзілген жоқ. Оның артында қалған ұрпақтары ұстаздықты өз тағдырларына айналдырып, әулеттің кәсіби шежіресін жалғастырып келеді.

Сондықтанда Алмабектің отбасы Ұстаздар күнін айрықша атап өтеді. Бұл олар үшін отбасы тарихын еске алатын, ата жолын бағамдайтын, кейінгі буынның қамын ойлайтын қастерлі күн.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Digital Qazaqstan»: Жетісуда облыс орталығының тіршілігін басқару орталығын құру жоспарлануда

«Digital Qazaqstan»: Жетісуда облыс орталығының тіршілігін басқару орталығын құру жоспарлануда

06.10.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

Кемелдену құпиясы

06.10.2026
Тәлімді тәрбие берген

Тәлімді тәрбие берген

06.10.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Жетісудың» ойыншылары айлық алмағанына 3 айдан асқан

06.10.2026
Президент Оман Сұлтанын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Президент Оман Сұлтанын «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

06.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.