Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Май зауыты ашылды

08.10.2026
КҮНДЕРЕК
Май зауыты ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының Екпінді ауылында «New Silver Central Asia Grain & Oil» ЖШС-нің жаңа өндіріс орнының ашылу салтанаты өтті. Іске қосылған жаңа май өндіру зауыты ауылшаруашылық өнімдерін жергілікті жерде өңдеуге, инвестиция тартуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған.

Зауыт инвестордың жеке қаражаты есебінен салынған. Жобаға шамамен 61,3 миллион теңге инвестиция құйылған. Кәсіпорын айына 1800 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Мұнда негізінен күнбағыс дәні өңделіп, өсімдік майы шығарылады.

Зауыттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов жаңа өндіріс орнының аудан экономикасы үшін маңызына тоқталды.

– Бүгін ауданымыз үшін қуанышты күн. Үлкен немесе шағын болсын, әрбір жаңа өндіріс орнының ашылуы – экономиканың дамуына қосылған үлес. Алакөл – ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Шаруаларымыз дәнді және майлы дақылдар өсіреді. Осы уақытқа дейін өнімнің едәуір бөлігі шикізат күйінде сыртқа шығарылып келсе, енді оны өз ауданымызда өңдеуге мүмкіндік туып отыр, – дейді аудан әкімі.

Алмас Сапарғалиұлы ауылдық жерлерде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру аудан дамуының маңызды бағыттары екенін атап өтті.

– Майлы дақылдарды шикізат ретінде сатпай, өзімізде өңдеп, дайын өнім ретінде нарыққа шығару аудан экономикасы үшін маңызды. Бүгінгі кәсіпорын – алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы. Болашақта осындай заманауи өндіріс орындарының қатары көбейеді деп сене- міз, – деді ол.

Кәсіпорынның өндірістік жұмысын таныстырған зауыт басшысы У Сунхидің айтуынша, қазіргі уақытта жабдықтарды реттеу және өндірістік желіні толық іске қосу шаралары жүргізілуде.

– Қазір зауыттағы техникаларды реттеп, сынақтан өткізіп жатырмыз.Әзірге әрбір жабдыққа бір маманнан бекітілген. Құрал-жабдықтар толық реттелгеннен кейін өндірістік үдерісті жүйелеп, өнім көлемін арттырамыз. Басты мақсатымыз – сапалы өнім шығарып, кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, – дейді У Сунхи.

Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары Болатбек Қапсаламов пен Қамет Мұқашев жаңа кәсіпорынның ашылуына байланысты жылы лебіздерін білдірді. Олар зауыттың ауыл жастарына жұмыс беріп, жергілікті шаруалардың өнімін өткізуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Жаңа өндіріс орнының ашылуын Екпінді ауылының тұрғындары да оң бағалап отыр. Ауыл тұрғыны Ермек Майкынов жаңа кәсіпорынның елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

– Ауылымызда жаңа өндіріс орнының ашылуы – тұрғындар үшін маңызды жаңалық. Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл азаматтарына еңбек етуге мүмкіндік туып отыр. Кәсіп-орынның іске қосылуы жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, ауылымыздың экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп сенемін. Осындай жобалардың көбейгені ауыл тұрғындары үшін де, аудан үшін де маңыз-ды, – дейді ауыл тұрғыны.

Жаңа нысан ауданда өсірілген күнбағыс пен басқа да майлы дақылдарды жергілікті жерде өңдеуге жол ашады. Бұл өнімнің қосылған құнын арттырып, тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Екпінді ауылындағы май зауытының іске қосылуы – Алакөл ауданында ауыл шар- уашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы маңызды қадам. Кәсіпорын жергілікті өндірістің дамуына және ауыл экономикасының нығаюына ықпал етеді деп күтілуде.

Қажет АНДАС
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық орталық ауруханасы ел игілігіне берілді

Ақсу аудандық орталық ауруханасы ел игілігіне берілді

08.10.2026
Футбол: «Жетісудың» үздік сұрмергені клубтан кетіп қалды

Футбол: «Жетісудың» үздік сұрмергені клубтан кетіп қалды

08.10.2026
Қара пештің қауіпсіздігі қажет

Қара пештің қауіпсіздігі қажет

08.10.2026
Мемлекет басшысы FIDE басшысы Тимур Турловпен кездесті

Мемлекет басшысы FIDE басшысы Тимур Турловпен кездесті

08.10.2026
Орталық Азия елдері маңызды келісімге келді

Орталық Азия елдері маңызды келісімге келді

08.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.