Талдықорған: +19°C
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

08.10.2026
КҮНДЕРЕК
Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

Pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылы басталғаны кеше. Оқушылардың қазіргі ойы жаңа тақырыпты түсіну мен мерекелік күндерге арналған іс-шараларда барынша белсенді болу. Алайда мектеп дәлізіндегі қоңыраудың үні алыстап, тақтаға жазылған сабақтардың артта қалатын кезі алыс емес.

Қыстың қамын жазда ойлайтын бабалар ұрпағы ретінде жаздың жайын күзден бастап ойлап, алдын ала қамданғанымыз артық болмас. Бұл тәмсілді бүгінгі бала тәрбиесі мен білім беру мәселесіне де қатысты айтуға болады. Әсіресе жасөспірімнің болашақ мамандығын таңдауын соңғы сәтке қалдырмаған жөн.

Өкінішке қарай, қазіргі қалыптасқан жүйеде бала мамандық туралы тоғызыншы сыныпқа келгенде ойлана бастайды. Ал тәжірибе көрсеткендей, бұл кезең кеш болуы мүмкін. Себебі оқушының белгілі бір пәнге, іске немесе салаға деген қызығушылығы бір күнде пайда болмайды. Оның алғашқы белгілері мектепке дейін-ақ байқала бастайды.

Психологтардың айтуынша баланың неге қызығатынын ерте аңғару үшін ата-анаға үлкен педагогикалық зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оның күнделікті ойынына, қойған сұрағына, қандай кітапты сүйіп тыңдайтынына, қандай тақырыпқа қайта-қайта оралатынына назар аудару жеткілікті.

Түрлі тақырыптағы ертегі, аңыз, қисса, танымдық әңгімелер оқып беру де баланың бейімін байқауға мүмкіндік береді. Бір бала оқиғадағы кейіпкерлердің әрекетіне қызығып, «Неге бұлай болды?» деп сұрайды. Екіншісі табиғат пен жан-жануарлар туралы көбірек білгісі келеді. Басқасы техникаға, құрылысқа немесе адам ағзасына қатысты сұрақтар қояды. Осындай қарапайым қызығушылықтардың өзі баланың ойлау бағыты мен болашақ бейімінің алғашқы нышаны болуы мүмкін.

Сондықтан мамандық таңдауға дайындық тоғызыншы сыныптан емес, баланың өзін танып-білуінен басталғаны жөн. Ата-ананың міндеті – баланың орнына мамандық таңдап қою емес, оның бойындағы қызығушылықты дер кезінде байқап, сол қабілетті дамытуға жағдай жасау.

Кейде жасөспірім мамандықты өзі қаламағанымен, ата-анасының көңілін қимай таңдайды. Мұндай жағдайды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясында алты жыл еңбек еткен Нағима Оразымбетқызы өз тәжірибесінен жақсы біледі.

«Бала өзіне ұнайтын мамандықты таңдауы керек екенін айтсам, кейбір ата-аналар: «Бұл сіздің шаруаңыз емес», – деп ренжіп жатады. Жасөспірімдерге мұны барынша түсіндіруге тырысамын. Алайда ата-анасы өздері қалаған мамандыққа оқуға түсіретін жағдайлар жиі кездеседі», – дейді маман.

Ал кейде достары баратын бағытқа бірге ереді. Әлдебіреуі қоғамда сұранысқа ие, жалақысы жоғары деген мамандықты іздейді. Мұның бәрінің өзіндік себебі бар. Бірақ адам күн сайын айналысатын кәсібінен өзін таппаса, сыртқы себептердің ешқайсысы ұзақ уақытқа жеткіліксіз болуы мүмкін.

Аталған себептердің баланың өміріне елеулі ықпал ететінін олардың кейінгі «әттеген-айынан» байқауға болады. Аты-жөнін жасыруды сұраған желі қолданушысы осы ойдың мысалы бола алады.

«Алла әр адамға әйтеуір бір дарын береді ғой. Мысалы, менің бірдеңе жазғым келіп тұрады. Есіме түскен нәрсені түртіп қоямын, кейін ойымды жинақтап, тәуір дүние шығаруым мүмкін. Кейде «Кәсібімді дұрыс таңдамаппын-ау, журналистикаға барғанымда, тәуір маман болып шығатын едім» деп ойым сан-саққа кетеді. Сондайда «Ата-анам неге маған кішкентайымнан бағыт-бағдар бермеді екен?» деп ойлаймын. Баланың бойындағы бейімді ертерек байқап, дұрыс бағыт берудің маңызы зор екен», – деп ішкі күрсінісімен бөлісті кейіпкер.

Сондықтан мамандық таңдау «Қайда оқуға түсемін?» деген сұрақтан бұрын «Мен кіммін?» деген сауалдан басталғаны жөн. Бұл жерде ата-анадан бөлек тағы бір әсер етуші топ бар. Ол – тәжірибелі мамандар. Жасөспірімге дұрыс бағыт сілтеп, оның таңдауына сырттай баға бермей, өз мүмкіндігін таразылауға көмектесетін кәсіби кеңестің маңызы орасан. Әсіресе мектеп қабырғасындағы кез келген кездесудің балаға жаңа ой салып, өзі бұрын байқамаған қырын тануына ықпалы болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беретін жүздесулердің орны бөлек.

Осы мақсатта Алматы технологиялық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамынан құралған мәдени-шығармашылық топ Алматы облысының Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарында және Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп бітірушілермен кездесулер өткізді. Кездесудің негізгі өзегі жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауы, білімге ұмтылысы және кәсіби бағытын дұрыс айқындауы.

Кездесуге қатысқан техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төребек Байбатыров мен PhD докторы Бахытжан Әзімхан оқушылармен кәсіби бағдар төңірегінде ой бөлісті. Жас адамның алдында кімнің бейнесі үлгі болып тұрғаны оның болашағына әсер етпей қоймайды. Сондықтан жастар тек сахнадағы танымал тұлғаларды ғана емес, ғылымға ғұмырын арнаған, елдің дамуына білім мен еңбегі арқылы үлес қосқан ғалымдарды да танып-білуі керек. Мұндай кездесулердің тағы бір мәні осында.

«Жастық шақ – адам өз болашағының іргетасын қалайтын кезең. Сондықтан бүгінгі таңдауыңа ертеңгі күннің көзімен қарауға тырыс. Біреудің жолын қайталауға асықпа, өз қабілетіңді таны. Қай жерде жүрсең де, өзіңе «Мен қоғамға не бере аламын?» деген сұрақ қойып үйрен. Осы сұрақтың жауабын іздеу сенің мамандығыңды ғана емес, өмірдегі бағытыңды айқындауға көмектеседі», – деп түйіндеді профессор Төребек Әбелбайұлы.

Қазіргі кезеңде мамандықтардың табиғаты өзгеріп келеді. Бұрын бір кәсіпті меңгеру адамға ұзақ жылдарға жетсе, бүгінде жаңа технологиялар мен цифрлық өзгерістер кәсіби дағдыларды үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Демек, бүгін мамандық таңдау – белгілі бір кәсіптің есігін жауып, қалғанының бәрінен бас тарту емес. Керісінше, өмір бойы үйренуге дайын болу.

Мектеп бітірушінің алдында тұрған ең үлкен міндет те осы шығар: өзіне дайын тағдыр іздемей, өз жолын қалыптастыру.

Өз жолын табу үшін адамға кейде уақыт керек. Қателесуіне де тура келеді. Бір таңдауы көңілінен шықпай, басқа бағытқа бұрылуы мүмкін. Мұның бәрі өмірдің табиғи бөлігі. Маңыздысы – таңдау жасаудан қорықпау және сол таңдауға жауапкершілікпен қарау.

Мамандық таңдау – өмірдің соңғы нүктесі емес. Ол ұзақ жолдың алғашқы сөйлемі ғана.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды

Мемлекет басшысы «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды

08.10.2026
Нар тұлға

08.10.2026
Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

08.10.2026
Бақ қонған Басқұншы

Бақ қонған Басқұншы

08.10.2026
Әлидің ән әлемі

Әлидің ән әлемі

08.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.